• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

МАҚТАРАЛДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

09 Желтоқсан, 20171150


Мақтарал ауданының әкімі аппаратында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қаржы ұйымдары 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиынға аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков қатысты. 
Алғаш болып сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Толыбаев "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал индустриялдық аймағында жүзеге асқан және жоспарланған жобалар туралы баяндады. 2015 жылы іске қосылған "Береке" мақта зауытының жұмысы жайлы айта келіп индустриалды аймақта келер жылы сыртқы инвестицияның есебінен іске қосылатын "Soldatos" асфалт бетон зауыты (құны 1 млн АҚШ доллары), "Компания KADI"-дың күн электр стансасы (құны 2,5 млрд теңге), голландиялық "VTK Investments B.V" компаниясының күн электр стансасы, сондай-ақ ішкі инвестицияның есебінен салы өңдеу зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттарының жобалары туралы айтып өтті. 

"Қазірдің өзінде Мақтарал-Шардара аудандарының арасына жол салып жатқан "Soldatos" асфалт бетон зауыты жұмысын аяқтағаннан соң индустриялды аймаққа көшірілетін болады" - деді Д.Толыбаев. 

"Ырыс" микроқаржы ұйымының Мақтарал ауданындағы өкілі Алмат Рысқұлов 2017 жылы ауданда жалпы сомасы 833 миллион 706 мың теңгені құрайтын 441 жоба жүзеге асқанын айтты. Оның ішінде 328 жоба көктемгі егіс егу және жинау жұмыстарына кетсе, 113 жоба мал шаруашылығы, балара шаруашылығы, жылыжай салу сияқты т.б. жобаларға қаралған. Ал, "Оңтүстік" аймақтық инвестициялар орталығынан 213 миллион 200 мың теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асыпты. 

Мақтарал ауданында кәсіпкерлік саласының дамуына "Өрлеу" жобасы да өз үлесін қосуда. Яғни, ауданда 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобамен қамтылып, 1 миллиард 367 миллион 349 мың теңгеге тұғындар түрлі кәсіптер ашып, шаруашылықтарын дамытқан. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Әбжанов мәлімдеді. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>