• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

МАҚТААРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

09 Желтоқсан, 20172580


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал ауданындағы Мақталы және Қызылқұм ауылдық округтерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекеттер пайдалануға берілді. 

 Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова денсаулық сақтау нысандары елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында пайдалануға беріліп жатқанын айтты. «Халықтың денсаулығы - мемлекеттің басты байлығы. Өйткені, дені сау адам әрқашан еңбекке жарамды болып, елдің дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан да, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев денсаулық сақтау саласына баса назар аударып, медициналық нысандардың салынуына, медициналық қызметтердің сапасының жақсаруына үлкен көңіл бөліп келеді" - деді А.Ешанқұлова. 

Елбасымыз «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауларын жолдады. Жолдауда Елбасы Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауды тапсырды. Бұл Жолдау ел дамуына даңғыл жол ашқан, аса құнды құжат болып табылады. 
«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігіміз бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек» - деп атап өтті Елбасы. Елбасы Жолдауы аясында әлеуметтік медициналық орталықтар көптеп ашылып, ел игілігіне берілуде.

Медициналық нысандарда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Енді мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез-келген көмек көрсетілетін болады. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>