• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-ДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТУРАЛЫ КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

09 Желтоқсан, 20171740


ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Мақтарал ауданында осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын саралады. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы А.Мамытбеков, ОҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы З.Маханова, ОҚО кәсіпкерлік палатасы Мақтарал аудандық филиалының директоры Т.Бапаев қатысты. 

ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дурменов ауданымыздағы Еңбек заңнамасының сақталуы жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2017 жылы Мақтарал ауданынан барлығы 105 өтініш тіркелген. Оның 100-і жеке тұлғалардан түскен болса, 5-еуі заңды тұлғалардан келген. Жеке тұлғалардың өтініштерінің ішінде 67 өтініш білім саласынан, 12 өтініш денсаулық сақтау саласынан, 21 өтініш жеке балабақшаларға қатысты. 

Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Мақтарал ауданында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 43 тексеру жүргізіліпті. Қалған 62-і заң аясында түсіндірме беру бойынша келіп түскен өтініштер екен. "Еңбек заңнамасының сақталуы облыс көлемінде жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша кемшіліктердің басым бөлігі мынадай фактілер негізінен құралуда. Атап айтқанда, еңбек шартындағы сәйкессіздіктер, жалақы төлеу мерзімінің сақталмауы, демалыс беру мерзімінің сақталмауы, заңсыз тәртіптік шара көру, еңбек шартын заңсыз бұзу, жұмыс уақытының нормасын бұзу т.б." - деді Р.Дурменов. 

З.Маханова кәсіптік одақтың негізгі мақсаты - жұмыскерлердің құқығын қорғау, олардың мұң-мұқтаждарын билікке жеткізу екендігін атап өтті. Ал, А.Мамытбеков өз сөзінде аудандық білім бөліміне, басқа да мекемелерге келіп түскен арыз-шағымдарға дер кезінде мән беру керектігін баса айтты. "Егер, арыз-шағымдарға бейжай қарамаған болса, заңбұзушылықтар орын алмаған болар еді. Әрбір түскен арыздың артында бір отбасы, қаншама тағдырлардың жанайқайы тұрғанын ұмытпаған абзал" - деді басқарма басшысы. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>