• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-ДА БИЛІК ПЕН ШАРУАЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН БІРЛЕСІП ТАЛҚЫЛАДЫ

09 Желтоқсан, 20171420


Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында ауыл шаруашылығының түйткілді мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, аудан әкімі Ғ.Исмаилов, Қазақстан фермерлер одағының ОҚО филиалының төрағасы Ж.Шәріпов және осы одақтың Мақтарал ауданындағы өкілі Ы.Стамқұлов қатысты. Сондай-ақ, қала, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның шаруалары бас қосқан жиында түйткілді мәселелер көтеріліп, шаруалардың мұң-мұқтажы тыңдалды. 

Еңбек ардагері, байырғы агроном Мекенбай Атабайұлы ауыл шаруашылығына қатысты бірнеше мәселелерді қозғады. "Мақтадан мол өнім алу үшін оның тұқымы жақсы болуы қажет. Әрине, аудан әкімдігінің бастамасымен биыл тұқым шаруашылығына қатысты жұмысшы топ құрылып, тұқым жетіспеушілігінің алды алынды. Дегенмен, жұмысшы топтан бөлек тұқым шаруашылығымен айналысатын мамандар штатын ашу керек. Екіншіден, біздің аудан аграрлы аудан болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орындарын ашуды қолға алу керек" - деді М.Атабайұлы. 

Аудандық мәслихаттың депутаты Ә.Асауов тік дренаждар мәселесін жолға қою өзекті мәселе екенін айтып, дренаждар жұмысын жүйеге келтіретін білікті мамандар тапшы екендігін тілге тиек етті. Мәслихаттың тағы бір депутаты М.Ділдәбеков тік дренаждарға арналған ПУИД-3 бағдарламасын барынша тез қолға алу керектігін баса айтты. 

Өз кезегінде сөз алған Қазақстан фермерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Дәрінов одаққа мүше болудың артықшылықтары мен тиімділігін сөз етті. Оның айтуынша, шаруалар біріккенде ғана түйткілді мәселелерді шешуге болатыны, бір бастан екі бас артық екені түсіндірілді. 

ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта тік дренаждар мәселесі толығымен өз шешімін табатынына сендірді. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>