• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Түркістанда жаңадан салынған су қойма 350 гектарды суландырады

10 Желтоқсан, 20172520


Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың және ауыл тұрғындарының қатысуымен, Түркістан қаласы маңындағы Үшқайық ауылдық округінде жаңа «Қарашық» шағын су қоймасы пайдалануға берілді. Су қойма жалпы қоры 2 млн. м3  суды сақтауға қауқарлы. Су қоймасы енді 350 гектар аумақты суғаруға тікелей септігін тигізеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі өңірде мұндай су қоймалардың саны болашақта артатынын жеткізді.

«Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте 30-ға жуық су қойманың құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап суармалы жерлерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктің көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін береді», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетерлігі,  «Қарашық» шағын су қоймасының құрылысын «СМК и Ж-7» ЖШС-і жүргізген. Құрылыс нысанын салуға 471,4 млн теңге жұмсалыпты. Бүгінде су қойма ел игіліне беріліп отыр. Алдағы уақытта Үшқайық ауылдық округінде жүгері, жоңышқа, бақша дақылдары егілетін болады.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>