• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО ДА ҚР ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ГАЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

10 Желтоқсан, 20172650


Бүгінгі таңда Ордабасы ауданы тұрғындарының 6,9 пайызы немесе үш елді мекен (Бөржар ауыл округіне қарасты Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар елді мекендері) табиғи газбен қамтылған. Қосымша Бадам елді мекенінің бір бөлігіне (305 абонент) кәсіпкерлер есебінен табиғи газ тартылған. Биыл Ықыластемір және Теспе ауылдарына газ құбырлары жүргізілуде.

2015 жылы облыстық бюджет есебінен “Бейнеу-Шымкент” магистральды газ құбырының 1393 шақырымында №19 “Темірлан” АГТС және АГТС-тан Ордабасы ауданының Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырының құрылысы басталды.
Қазіргі таңда АГТС қондырғыларын қысымдау жұмыстары жүргізілді, жұмыстар аяқталуға жақын, газды қыздыру блогы жақын арада нысан басына жеткізіліп орнату жұмыстары жүзеге асады. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес газды қыздыру блогы орнатылғаннан кейін, нысан қабылданады.

№19 «Темірлан» АГТС-і іске қосылған соң, кезең – кезеңімен Қажымұхан ауыл округінің 7 елді мекеніне, Шұбар ауыл округінің 6 елді мекеніне, Қараспан ауыл округінің 14 елді мекеніне, Шұбарсу ауылына, Жеңіс ауыл округінің 2 елді мекеніне, Бөген ауыл округінің 2 ауылына және Бөржар ауыл округінің 3 ауылына (Бірлік, Жамбыл, Қалаш) газ құбыры тартылып, тұрғындар көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

 Жалпы, облыста 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. 2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың тұрғынға жеткізу межеленуде.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>