• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-ДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

10 Желтоқсан, 20173440


Енді еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру ісіне өңірлердегі ауыл шаруашылығы бөлімдері араласатын болады. Ал, кәсіп ашамын дегендерге қаржы беретін ұйымдар ауылдарға барып, жұмыс жүргізеді. Бұл туралы бүгін облыс активімен кездескен еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді

Осыған орай облыс әкімдігінде халық арасындағы жұмыссыздықты жойып, ел табысын еселеу туралы жиын өтті. Сол үшін шараға барлық аудан-қала әкімдері мен азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс бөлім және кәсіптік колледж басшылары шақыртылған. Басқосуда биыл қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасын» жүзеге асыру жайы талқыланды.

Жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріБіржан Нұрымбетов:Статистикаға сүйенсек, қазір облысымыздағы жұмыссыздар қатары 140 мыңнан асады. Одан бөлек, ешқандай білімі жоқ, бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған 322 мың азамат бар. Жаңадан құрылған бағдарлама сол жандарға кәсіби білім беруді көздейді. Іс бастағысы келетіндерге де қаржылай қолдау көрсетеді. Айта кетерлігі, енді несиелендіру жұмыстары барынша жеңілдейді” деді.

Қазір Қзақстан әлем бойынша еңбек нарығы тұрақты елдер тізіміне енген. Ресми мәлімет бойынша біздегі жұмыссыздық көрсеткіші 5 пайыздан әрі аспайды. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ, республикада орта табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жетерлік. Енді билік осы санаттағы жандардың табысын еселеуді көздеп отыр. Ол үшін әрбір сала өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>