• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-ДА ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЖҰМСАЛАДЫ

10 Желтоқсан, 20173660


Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетіндегі кірістердің ұлғаюы мен мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаржылар біраз мәселені шешуге септігін тигізбек. Ол қаражат - 20 млрд. теңге шамасында. Нақты соманың 17,4 млрд. теңгесі -республикалық бюджеттен бөлінген қаржылар мен кредиттер есебінен жиналған. Ал, қалғаны - 2017 жылы облыс бюджетінің өзіндік кірістерін ұлғайту есебінен  қол жеткізілді.

Бұл туралы облыстық  экономика  және бюджетті  жоспарлау  басқармасының  басшысы Арман Сәбитов айтып өтті.

Қазығұрт ауданы «Болашақ» шағынауданындағы  2 екіқабатты 16 пәтерлі арендалық  коммуналдық  тұрғын  үйлер  құрылысын  бастауға және Шымкент қаласындағы 2 тұрғынүйдің құрылысын жалғастыруға 127,6 млн теңге қарастырылуда. Сонымен қатар тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі арқылы 57 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 649,8 млн теңге бағытталуда.

 Коммуналдық шаруашылық саласына келер болсақ, Бәйдібек ауданы мен Шымкент қаласындағы көшелерді жарықтандыруға 550 млн. теңге жұмсалмақ. Шымкенттегі ішкі орамдық жылу жүйелерін жөндеуге 500 млн. теңге бағытталады. Электрмен қамтамасыз ету бойынша облысымызда 18 нысанның құрылысын жүргізуге 660 млн. теңге қарастырылды.

Республикалық бюджет есебінен ауылдық елдімекендерде және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауылшаруашылығы кооперативтерін ашуға 3 млрд 200 млн теңге кредит бағытталуда. Сүтті тауарлы фермаларды, етті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған объектілерді құру немесе кеңейтуді, шаруа қожалықтарының техника мен жабдықты сатып алу шығындарын өтеуді субсидиялауға республикалық бюджеттен 2 млрд 814,8 млн теңге қарастырылуда.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>