• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҢТҮСТІКТЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДА 169 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

10 Желтоқсан, 20173060


Облысымызда құрылған индустриалды аймақтар өңір экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Соңғы 7 жылда бұл аймақтарда 169 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың жалпы құны 155 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде нақты 68 жоба жұмыс істеп тұр. Ал, Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағы Қазақстан бойынша өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болды.

Шымкент қаласындағы бұрынғы Фосфор зауытының аймағында 2010 жылы индустриалды аймақ салу басталды. Мұндағы жалпы аумағы 337 гектар жерге жаңадан ашылатын  кәсіпорындарды топтастыру жұмыстары басталды. Себебі, мұнда бұрынғы инфрақұрылым жүйесі болатын. Сол жүйені қайтадан жаңғыртуға жергілікті қазынадан 6,8 млрд. теңге  қаражат бөлінді. Нәтижесінде  мұнда 50-ден аса шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істеп тұр. Осыны үлгі еткен облысымыздың аудан-кенттері де  өз алдына аймақтар ашуды қолға алған. Нәтижесінде 9 мыңнан  жұмыс орны қалыптасты. Қазынаға салық түсімі де молайды.

Бұл туралы «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы» ЖШС-нің  бас директорыНұркен Бегулиев қысқаша  өз ойымен бөлісті.

Ағымдағы жылдың 9 айында индустриалды аймақ кәсіпорындары жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 2017 жылдың 9 айында бюджетке 1,7 млрд теңге аударылды.

Бүгінде облысымызда 11 осындай аймақ жұмыс істеп тұр. Онда 5 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Арыс, Отырар, Сарыағаш, Бәйдібек, Сайрам аудандарына индустриалды аймақтарға жер бөлінді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы сомасы, 7,7 млрд. теңгені құрайтын 12 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы ОҚО инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>