• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

10 Желтоқсан, 20173140


Шымкентте Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі болып өтті. Алқалы жиында ерікті топтардан құралған үкіметтік емес ұйымдардың жобалары таныстырылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық «Азаматтық альянсы» мұрындық болған шарадамемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың жеңімпазадары анықталды.

Бұл жиынға облыстың барлық аудан-қалаларының еріктілері мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Олар өздерінің әлеуметтік үздік жобаларын ұсынып, нақты идеяларын қорғады.

Айтулы жиынның негізгі мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктерін паш ету. Ауылдық жерлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдер мен технологияларды жариялау болып табылады.

Бұл күні комиссия құрамы мен халық қалаулыларына бірнеше жоба ұсынылды. Үздіктерге қолдау білдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Естеріңізге салар болсақ, Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы ұсынылған болатын.

Мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған бұл конкурсқа облыстағы аудан, қаладан 10 өтінім келіп түскен.

Келіп түскен жобалар облыстық іріктеу комиссияның отырысында қаралып, нәтижесінде «Сана сезім»  әйелдер бастамалық құқықтық орталығының «Адам саудасы» атты әлеуметтік жобасы жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, елімізде отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>