• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада алғашқы болып өзін-өзі ақтады

11 Желтоқсан, 20172230


Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 6,8 млрд. теңге жұмсалған. Бүгінгі таңда аймақтағы кәсіпорындардың бюджеттік аударымдары 7,2 млрд. теңгеге жеткен. Нәтижесінде «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында жалпы облыстағы индустриалды аймақ кәсіпорындары 13,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысы Нуркен Бегулиев мәлімдеді. 

    2017 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жайын баяндаған компания басшысы бүгінде аймаққа облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келетінін атап өтті.

    Сонымен бірге, спикер  қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы тартылған инвестиция бойынша республикада көш бастап келетінін жеткізді. Мәселен 2017 жылы 20 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобамен келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі таңда облыс көлеміндегі индустриалды аймақтарда 169 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда екен.

    «Жалпы құны 155,2 млрд. теңге көлеміндегі жобалар бойынша 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ.  Ал бүгінгі таңда құны 34,8 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба іске қосылған. Бұл кәсіпорындарда 4 мың адам жұмыс істеуде.  Ағымдағы жылдың соңына дейін сомасы 7,7 млрд. теңге болатын 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осылайша осы жылдың соңына дейін барлық индустриалды аймақтарда жүзеге асқан жобалардың саны 80-ге жетеді», - деді Нуркен Рахымұлы.

    Сонымен қатар, 2018 жылы жалпы сомасы 38,6 млрд теңгені құрайтын 11 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде келесі жылдың соңына қарай 6500-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады. 

    Бұдан бөлек, «Оңтүстік» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясы 2018-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірлеп жатыр. Онда  облыстағы аудан мен қалаларда индустриалды аймақтарды толтыру мәселесі қаралған.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>