• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-да әйелдер форумы өтті

11 Желтоқсан, 20176940


«Әйел – отбасының, әрі қоғамның ұйытқысы». Дәстүрлі түрде өтетін форум биыл да өз жалғасын тапты, деп хабарлайды arasha.kz Қазақстан -Шымкент телеарнасына сілтеме жасап.

Созақ ауданында «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігі облыс көлеміндегі кәсіпкер әйелдердің басын қосты. Ондағы мақсат – аналар мен қыз-келіншектердің бүгінгі беделін көтеріп, олардың қоғамның негізгі күші екенін паш ету.

 «Бақ нұры». Теріскейдегі іскер әйелдер қоғамдық бірлестігі 4 жылдан бері тұрақты жұмыс істейді. Бүгінде бірлестік құрамында жүзден аса белсенді ханымдар бар. Олар - әр саланың майталмандары. Форум барысында қоғамдық бірлестіктің 5 жылда атқарған жұмыстары бойынша бейнеролик көрсетілді. Ұйым төрайымы Нұржамал Әбілжанқызы тақырып аясында баяндама жасап, әйел рөлінің маңыздылығын екшеді.  

Отбасы құндылығын жоғалтпау. Саналы, инабатты, иманды ұрпақ тәрбиелеу. Шаңырақтың шаттығын сақтау. Бұл міндет әлімсақтан нәзік жаратылыс иесі – аналарға жүктелген. Іскер ханымдар осы бағытта кеңінен әңгіме өрбітті. Облыс орталығынан келген делегаттар көрмені тамашалады. Ауданның іскер қыз-келіншектері билік пен халық арасындағы саяси тұрақтылыққа қолдау танытып, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына да ықпал жасайтындарын жеткізді.

Облыстық деңгейде өткен форумда келелі пікірлер айтылды. Көпшілікке салмақты ой салатын идеялар таныстырылды. Форум соңында іскер ханымдар облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>