• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ордабасы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы: Тәуелсіздік - біздің бақытымыз

11 Желтоқсан, 20176540


Қазақстан әлемдік қауымдастық алдында мерейі тасыған мемлекетке айналды. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың бесігін тербетті. Елде... әлеумет әлденіп, халықтың тұрмысы түзелді. Отбасыдағы тыныштық та орнықты. Өңірдегі өрелі істерге еселі еңбегін сіңірген ордабасылық Мәрия Зәйтүнқызы осылай дейді, деп хабарлайды arasha.kz Қазақстан -Шымкент телеарнасына сілтеме жасап.

Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейлі мерекесін Ордабасы ауданының тұрғындары әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы қарқынды істерімен қарсы алып отыр. Аудан еңбеккерлері азаттық алған жылдары толағай табыстарға қол жеткізді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында алда болды. 1995 жылы оңтүстік өңірі бойынша барлық ауыл шаруашылық құрылымының саны 8275-ті құраса, оның 158-і, яғни, 1,9 пайызы осы аумақтан болатын.

Мәрия Зәйтүнқызы - Ордабасы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы

Тәуелсіздік - біздің бақытымыз, шаттығымыз дер едім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпы, қазақ халқы ризашылық білдіреді. Тәуелсіздікке 26 жыл болады. Осы жылдар ішінде Қазақстанның әлеуметтік  экономикасы дамып келеді. Ірі-ірі құрылыстар салынды. Соның ішінде Ордабасы ауданын айтатын болсам, ауданда ірі-ірі мекемелер ашылды. Ауданда кәсіперлік дамып келеді.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша да жетістіктері жоғары. Аудан өткен жылы 600 гектар жерге жаңадан жеміс бауын екті. Оның ішінде қарқынды бау жобасы 97 гектарға ендірілді. Жылыжай көлемі 7,18 гектарға ұлғайды. Жалпы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артты. Әлеуметтік салада да өрелі істер өрге басуда.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>