• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Сарыағашта 400-ден астам тұрғын қыр-сырын меңгеріп шықты

11 Желтоқсан, 20173310


Мемлекет негізгі диплом кәдеге жарамай қалса да, қолдау-көмегін аямайды. Оған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» дәлел. Бұл жоба... еңбек нарығындағы сұранысты реттеп, әлеуметтік түйткілдерді шешуге бағытталған. Сарыағаш ауданында күні кеше мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын арнайы куәлікке қол жеткізіп, түрлі кәсіптің қыр-сырын меңгеріп шықты, деп хабарлайды arasha.kz Қазақстан -Шымкент телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл топ айналасы үш айда түрлі кәсіпті игеріп үлгерді. Қолдарында куәліктері бар. Енді тігінші, темір ұстасы, аспазшы сияқты сұранысқа ие 10 мамандық бойынша... тең жартысына жұмыс орны дайын.

Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 70 шақты жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1 жарым мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының "Әр ауылға өз шебері" бастамасы аясында үш айлық курстан өтті. Ауданға тапшы 38 мамандықты игерді.

Ләйлә Шүленбаеваның тігіншілікке ебі бар. Арнайы курсты да осы мамандық бойынша оқыды. Қазір төсек жабдықтарынан бөлек, мектеп формаларын  да тігеді. Бұған дейін тұрақты жұмыс таба алмай қиналған ол енді сүйікті ісінен нәпақа айырып отырғанына қуанады.  

Бұл - осы бағдарлама бойынша кадр дайындайтын іргелі оқу орындарының  бірі. 2011 жылы ашылған "Даму" орталығында қазір тігінші, бет әрлеуші, шаштараз мамандықтары бойынша білім беріледі. Осыған дейін 800-ге жуық түлекті қанаттандырған орталықта курортты мекенге қажет туристік агенттер де дайындалуда.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы». Бұл бойынша облыста 12 мыңнан астам  адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, 9 мыңдайы жемісін көріп отыр. Еңбек нарығындағы аса қажетті 85 мамандықты игерген жандардың тең жартысының тұрақты жұмысы бар. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>