• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жансейіт Түймебаев: Бағалардың тұрақты болуын қамтамасыз ету керек

11 Желтоқсан, 20173550


Облыс әкімдігінде селекторлық жиын болып өтті. Онда жыл қорытындысы жасалып, облыстың 2017 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары сараланды. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев басшылық еткен басқосуда, сондай-ақ, инфляция деңгейі, облыстық бюджеттің игерілу мәселелері талқыланды.

Облыс басшысы құрылыс, өнеркәсіп индикаторларын әлі көтеру керектігін ескертті.  Сондай-ақ, сала басшыларына облыстық бюджеттің уақытында игерілуін және азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды тапсырды.

Жансейіт Түймебаев – облыс әкімі: 2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің игерілуі 98,2 пайызды құраған. Меже жыл соңына дейін толық игерілуі тиіс. Біздің өңір халық ең көп қоныстанған аймақ. Сондықтан тұрғын-үй құрылысы жандана түсуі керек. Бұдан бөлек, жыл соңына қарай азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін.  Осы мәселеде бақылауды күшейтіп, жіті қадағалауда ұстау қажет. Қыс айларында коммуналдық қызмет бағаларының да тұрақты болуын қамтамасыз етуді де назарда ұстаған жөн

Жиын барысында облыстық статистика департаментінің басшысы облыстың даму көрсеткішін нақты сандармен сөйлетті. Айдар Әбілдабековтің айтуынша, өңірдің 1 айдағы инфляция деңгейі 101,7 пайыз көлемінде.   

Айдар Әбілдабеков – облыстық статистика департаментінің басшысы: Облыстың жалпы өндірген өнім көлемі 773 млрд. 473 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялар бойынша 417 млрд.  14 млн. теңге көлемінде қаржы түскен. Ал, бөлшек сауда тауар айналымы 380 млрд. 883 млн. теңге, көтерме сауда 554 млрд. 45 млн. теңгені құрады

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы жауапты мекемелерге инфляция деңгейін реттеп, аудандарда «Әр ауылдың өз шебері» жобасын жүзеге асыруды  тапсырды

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>