• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Түркістан-түркі әлемінің мәдени астанасы

11 Желтоқсан, 20172620


«Түркістан-түркі әлемінің мәдени астанасы». «ТҮРКСОЙ» Тұрақты Кеңесінің шешімімен биыл облысымызда ауқымды шаралар өткені белгілі. Алты Алаштың жылнамалық жиын-кездесулерін, форум-фестивальдерін ұйымдастыруда ауқымды күш-жігер жұмсаған халық қалаулылары мен атқарушы билік өкілдерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев марапаттады.

Еске салсақ, наурыз айында бастау алған шара желтоқсанның 5-інде мәреге жетті. Жыл бойына 40-қа жуық мәдени шара ұйымдастырылды. Оған түркі тілдес елдерден 230 өнер ұжымы, 10 мыңға жуық мәдениет майталмандары қатысты. «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы шеңберінде би фестивалі, театр көктемі, анимациялық фильмдер байқауы болып өтті. Қазыбек бидің 350 жылдығы, Жұмат Шаниннің 125 жылдығы секілді мерейтойлар атап өтілді. Ақындар айтысы ұйымдастырылды. Осы шараны ұйымдастыруға белсенді түрде атсалысқан облыстық басқарма басшылары, аудан әкімдері, облыстық мәслихаттың депутаттарын қосқанда, барлығы 53 азамат арнайы марапатқа ие болды. Оның ішінде 7 азамат «Қазақстан-Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытқаны үшін» медалімен марапатталды.

Жансейіт Түймебаев - облыс әкімі: Бұл болашаққа үлкен негіз деп есептеймін. Сіздерге айтарым келген министрлер Түрксойдың хатшысы, Түркия Қырғызстан, Ғағауыз министрлері мұндай деңгейде ешбір мемлекетте өткен жоқ деп өз бағаларын беріп отыр.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>