• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-да келер жылы 320 әлеуметтік нысан салынады

11 Желтоқсан, 20173640


Бүгін түстік облыстың 2018 жылғы бюджеті бекіді, деп хабарлайды arasha.kz Қазақстан -Шымкент телеарнасына сілтеме жасап. Ол 447,7 миллиард теңге деп белгіленіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 32,3 млрд. теңгеге артық. Бұл жөнінде Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов облыстық мәслихаттың кезекті 18-ші сессиясында мәлімдеді. Жиында сондай-ақ, Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің сала бойынша соңғы 10 айда атқарған жұмысы сараланды.

2018 жылдың бюджеті бойынша әдеттегідей білім саласына қомақты қаржы қаралып отыр. 42,9 млрд. теңге осы саланың көсегесін көгертуге жұмсалады. Кейінгі қатарда 19,5 млрд. теңгемен денсаулық сақтау саласы тұр. Халықты әлеуметтік қолдау да ұмыт қалмақ емес.  6,9 млрд. теңге бөлінеді. Спорт, мәдениет те үлкен мәнге ие. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 33 жобаны іске асыру қажет. Нәтижесі 13 елдімекенді қуантпақ.  Мінбеге көтерілген Арман Сәбитов тұрғын үй саласы бойынша 77 нысанның құрылысына   25,6 млрд. теңге бағытталғанын айтты. Бұйыртса, 2018 жылы 3 434 пәтерде қоныстой тойланады.

Арман Сәбитов – Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы

Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 20 нысанның құрылысына 1,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 нысанды іске қосылу жоспарлануда. Халықты көгілдір отынмен қамту мақсатында 67 нысанның құрылысына 14,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Нәтижесінде 28 елді мекендегі 64 844 адам газбен қамтамасыз етіліп, қамтылған елді мекендер саны 372-ге жететін болады. Және де электр энергиясы бағыты бойынша 12 нысанның құрылысына 2,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 елді мекен сапалы электр энергиясымен қамтылады.

Келесі мәселе бойынша Жергілікті полиция қызметінің бастығы баяндама оқыды. Әбдіғани Сейдәлиевтің айтуынша, облыста қылмыс деңгейі төмендеген.

Бұл жиында облыс әкімі 20 мәселеге қанықты. Олар өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына едәуір ықпал ететіні сөзсіз. Бұл істе ортақ мүдде деп, жұдырықтай жұмылған халық қалаулыларына өңір басшысы алғыс білдірді.  Келер жылдың келелі мәселелерін алға тартты.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>