• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ордабасы ауданында жәрмеңке өтті

11 Желтоқсан, 20172110


Тұрғындарды арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Ордабасы ауданында жәрмеңке өткізілуде. Әр аптаның сенбісінде Темірландағы орталық алаңда әлеумет үшін маңызы зор негізгі азық-түлік тауарлары арзан бағамен тұтынушыға жол тартып отыр.

Темірланда осымен 8-ші рет жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұнда «Оңтүстік» азық-түлік компаниясы» тұрақтандыру қоры есебінен тұрғындарға қолжетімді бағада әлеуметтік тауарлар ұсынды. Мәселен, картоптың 1 келісі 85теңге, сәбіз 80 теңгеден, ал, пияз 50 теңгеден сатылды. Ал, макарон өнімдері  145 теңгеден,  күріш 180 теңге, құмшекер 170теңгеден болды.  «Ордабасы құс»-тың өнімдері қашанда халықтың сұранысына ие. Терең өңделген тауық еті мен шұжықтың орта бағасы  900 теңге шамасында ұсынылды. «Инфрастрой ЛТД» серіктесігінің құс еті де 500 теңгеден бағалануда.  Жергілікті «РЫС» өндірістік кооперативінің шұжық өнімдері болса, 600 теңгеден сатылды. 

Халықтың дені «Ордабасы нанның» 3900 теңге тұратын 1 сұрыпты ұнын көптеп сатып алды. Жергілікті жылыжайларда өсірілген қияр мен қызанақ болса,  небары 100-150 теңгеден сатылды. Қой етінің де бағасы көпшілік көңілінен шықты. Жалпы, күнделікті тұтыну тауарлары бұл күні нарықтағы бағасынан 20-30 пайызға арзан сатылды.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>