• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-да туберкулезбен күресте жаңа тәсіл ойлап тапты

11 Желтоқсан, 20172150


ОҚО-да 1784 адам туберкулездің жылдам жұқпалы түрімен тіркелген. Оның 85 пайызы тұрақты ем қабылдағанымен, өкпеқұртын түбегейлі жою мүмкін болмай тұр. Жыл сайын бұл ауру «жасарып» келеді. Ал, оған қарсы ем-дом әлі күнге дейін өткен ғасырдың 70-ші жылдары шыққан дәрі – дәрмекпен жасалуда. Құрт ауруына қарсы күрес мәселелері Халықаралық EndTB жобасы аясында бас қосқан дәрігерлер талқылады.

ОҚО-да туберкулездің ем қонбайтын ауыр түріне шалдыққан 50-ге жуық  науқас бар. Өкпеқұрт таяқшалары дендегендіктен оларға дәрі әсер етпейтін  жағдайға жеткен. Бұл науқастарға соңғы үмітті халықаралық EndTB жобасы сыйлағалы тұр. Халықаралық ұйым Еуропада туберкулезге қарсы  қолданылатын жаңа дәрі-дәрмектерді ұсынып отыр. Бұл жаңа жоба  дендеген құрт ауруы көрсеткішін  төмендетеді, – дейді Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков.

EndTB ұйымы құрт ауруына қарсы дәрінің бірнеше түрін: бедаквилин, деламанид, линезолид, клофазиминді  ұсынуда. Олар туберкулез таяқшаларын жылдам  залалсыздандырады. Әлемнің 64 мемлекетінде қолдануға рұқсат етілген. Елімізде жыл басынан беру Алматы қаласы мен облысында ауыр науқастарға қолданылуда. Пилоттық жобамен ем қабылдаған науқастардың 90 пайызының ауруы жеңілдеген.

Халықаралық ұйымның дәрілері әзірге тегін ұсынылуда. Елімізге бөлінген қор 6 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл қаржы 2400 құрт ауруының ауыр түріне шалдыққан науқасты айықтыруға жетеді. Форумға келген дәрігерлерге туберкулезді  жаңа дәрімен емдеу тәсілдері түсіндірілді.  

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>