• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Түркістан жиһаздары Ресей мен Қытайға экспортталмақ

11 Желтоқсан, 20172490


Түркістанның индустриалды аймағы ел кәдесіне жарап тұр, деп хабарлайды arasha.kz Қазақстан -Шымкент телеарнасына сілтеме жасап. Қазір мұндағы «Грандмикс» фабрикасының өзі... шетел жиһаздарындай тамаша бұйым шығарады. Жергілікті 100-ге тарта тұрғынды да жұмыспен қамтып отыр.

«Грандмикс» - Түркістандағы мақтаулы кәсіпорын. Сапасы жоғары, бағасы қолайлы жиһаз шығарады. Дизайны жағынан да Италия, Түркия өнімдеріне жетеғабыл. 4-5 адамның іскерлігімен үй жанынан ашылған цех бүгінде фабрика қуатында жұмыс істеп тұр. Қажетті құралдар Ресей мен Польшадан әкелінеді. Ал, кейбір ұсақ дүниелерді өздері осында шығарады. 

Аталған кәсіпорын өзге де шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасып тұрады. Мұнда қазір Германиядан келген маман отандық шеберлерге жиһаз технологиясы мен сапасы жөнінде дәріс өтуде. Соның нәтижесінде сапалы өнімнің көлемі артып отыр.

«Грандмикс» өнімдерінің ел нарығына шыққанына - 15 жыл. Шағын цех болып, жұмыс бастаған зауыттың қазір 200-ге тарта ассортименті бар. Жылына 350-400 миллион теңгенің өнімін шығарады. Жиһаз зауытының қазір қосымша қоймалары салынуда. Бұйыртса, қазақстандық үй және кеңсе жиһаздары Қытай, Ресей мен Беларусь елдеріне экспортталмақ.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>