• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Арыс жағасын абаттандыру ісі қарқын алды

11 Желтоқсан, 20172570


Отырар ауданында Арыс жағасын абаттандыру ісі қарқын алды. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады. Тиісті сала басшыларына құрылыстың сапалы жүргізілуін тапсырды, деп хабарлайды arasha.kz Қазақстан -Шымкент телеарнасына сілтеме жасап. 

Арыстың ағысы қатты. Өзен жартастарының құлап, жойылып кету, салдарынан, төңіректі су шаю қаупі бар. Сондықтан, бар іс осы бағытта атқарылуда. Жағаны абаттандыру да назардан тыс қалмайды. Өткен жылы Арыс өзенін мұз буған жоқ. Алдағы уақытта қауіптің алдын алу мақсатында бірнеше жобалар қолға алынуда. Тұрғынүйлерге қауіп төнген жағдайда өзеннің жоғары жағынан арнаны бұру көзделуде. Бұл бойынша Ерлан Айтаханов жауапты мамандарға нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.  

Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған тұста... Арыс жағасы... тұрғындар мен қонақтардың тамаша демалыс орнына айналады. Қазір арнайы орындықтар қойылып, жарық шамдары мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Бүгінгі таңда өзен арнасын таспен қаптау жұмыстары аяқталуға жақын. Осы істерді бағамдаған аудан басшысы орталықтағы «Жібек жолы» даңғылында да болып, абаттандыру ісі бойынша нақты тапсырмалар берді.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>