• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-да құрылған индустриалды аймақтар өңір экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып отыр

11 Желтоқсан, 20172610


ОҚО-да құрылған индустриалды аймақтар өңір экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып отыр, деп хабарлайды arasha.kz Қазақстан -Шымкент телеарнасына сілтеме жасап. Соңғы 7 жылда бұл аймақтарда 169 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың жалпы құны 155 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде нақты 68 жоба жұмыс істеп тұр. Ал, Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағы Қазақстан бойынша өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болды.

 Шымкент қаласындағы бұрынғы Фосфор зауытының аймағында 2010 жылы индустриалды аймақ салу басталды. Мұндағы жалпы аумағы 337 гектар жерге жаңадан ашылатын  кәсіпорындарды топтастыру жұмыстары басталды. Себебі, мұнда бұрынғы инфрақұрылым жүйесі болатын. Сол жүйені қайтадан жаңғыртуға жергілікті қазынадан 6,8 млрд. теңге  қаражат бөлінді. Нәтижесінде  мұнда 50-ден аса шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істеп тұр. Осыны үлгі еткен облысымыздың аудан-кенттері де  өз алдына аймақтар ашуды қолға алған. Нәтижесінде 9 мыңнан  жұмыс орны қалыптасты. Қазынаға салық түсімі де молайды.

Нұркен Бегулиев -  «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы» ЖШС-нің  бас директоры: Ағымдағы жылдың 9 айында индустриалды аймақ кәсіпорындары жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 2017 жылдың 9 айында бюджетке 1,7 млрд теңге аударылды.

Бүгінде облысымызда 11 осындай аймақ жұмыс істеп тұр. Онда 5 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Арыс, Отырар, Сарыағаш, Бәйдібек, Сайрам аудандарына индустриалды аймақтарға жер бөлінді.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>