• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Шымкентте көгілдір отынсыз қалған 400 үйге газ беріле бастады

11 Желтоқсан, 20173390


Шымкентте жүк көлігінің кесірінен көгілдір отынсыз қалған 400 үйге қайта газ беріле бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды arasha.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Газ қызметінің мамандары түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ құбырын қайта қалпына келтірді. Осы орайда тұрғындар назарына: Егер де газ құбырын соғып кеткен не зиян келтірген жүргізушіні байқасаңыз, автокөліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін жазып алып, «ҚазТрансГаз Аймақ» ОҚО филиалына хабар беріңіз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше кешкі сағат 19.40 шамасында Сайрам мен Белинский көшелерінің қиылысында ауыр жүк көлігі орташа қысымдағы газ құбырын соғып кетті. Салдарынан екі көшенің бойында орналасқан 400-ге тарта үй көгілдір отынсыз қалған еді. Артынша қала әкімдігі мен «КазТрансГаз Аймақ» ОҚОФ барлық тұрғындарға шаруашылықта қолданыстағы газ құрылғыларын сөндіріп қоюды сұраған. 

Айта кетсек, 2009 жылы басталған ОҚО газ тарату желісін жаңғырту бағдарламасының арқасында мұнда газбен қамтудың техникалық базасы кеңейді. Болат құбырлар пайдалану мерзімі әлдеқайда ұзақ әрі электрхимиялық қорғанысты қажет етпейтін полиэтиленге ауыстырылып жатыр. Бұл оларды жөндеуге кететін шығындарды едәуір азайтады. Бұл жобаны жүзеге асырудан келетін тиімділік – жүйенің газ өткізу мүмкіндігі сағатына 85 мың м3-ден 258 мың м3-ге дейін көбейеді және жоғары қысымды газ құбырларын бірнеше рет шығыршықтау арқылы бүкіл жүйенің сенімділігі артады.  

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>