• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО: «Әр ауылға өз шебері» жобасы өз нәтижесін беруде

13 Желтоқсан, 20176730


Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қарқынды жүзеге асып келеді, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.  Елбасының тікелей қадағалауымен жүргізіліп отырған бағдарлама халықтың көңілінен шығуда. Аталған бағдарлама аясында өңірде облыс әкімдігінің «Әр ауылға өз шебері» жобасы қолға алынған болатын. Соның нәтижесінде әрбір ауданда қажетті деген салаларға мамандар даярлануда.

Мәселен, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 400-ден астам тұрғын 10 түрлі мамандықты игерген. Олардың арасында темір және ағаш ұстасы, сантехник, электрик, тігінші сынды сұранысқа ие мамандар бар. Жаңа кәсіп иелеріне куәліктер салтанатты түрде тапсырылды.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданында түлектерге арналып жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан астам жұмыс беруші қатысып, 250-ге жуық жұмыс орны ұсынылған. Айта кететіні, аталған бағдарлама аясында ауданнан 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданыпты. Олар «Әр ауылға өз шебері» жобасы аясында ауданға қажетті деген 38 мамандықты игерген.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңға жуығы мамандық иесі атанған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда еңбек нарығына аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған кәсіп иелері жұмыспен қамтылып отыр.  

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>