• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақстандық ғалымның кітабы АҚШ-та жарыққа шықты

21 Желтоқсан, 20176450


АҚШ-та геодезия құралдары мен технологиялары туралы «Surveying Instruments and Technology» (written by Leonid Nadolinets, Eugene Levin and Daulet Akhmedov) атты жаңа кітап жарық көрді. Кітап авторларының бірі – танымал қазақстандық ғалым, техникалық ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін жасау бойынша жұмыстарына басшылық еткен Ахмедов Дәулет Шафиғұллаұлы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дәулет Шафиғұллаұлы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ Ғарыштық техника мен технологиялар институтының директоры лауазымында қызмет атқаруда. Ол әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Соңғы жылдары геодезиялық жұмыстардың бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінде оптикалық, механикалық, электрондық, аэроғарыштық, сенсорлық және ақпараттық технологиялар салаларындағы әзірлемелерге байланысты елеулі өзгерістер орын алды.

Геодезиялық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сипаттайтын бар кітаптар біршама жыл бұрын жарияланды және геодезиялық түсірімнің заманауи технологиялар туралы соңғы ақпаратты қамтыған жоқ. Осыған орай осы саладағы соңғы жетістіктерді бір кітаптың ішінде жүйелі түрде шығару қажеттілігі туды. «Surveying Instruments and Technology» кітабының авторлары бұл істі толықтай орындады.

Кітап геодезияда қолданылатын заманауи техникалық және бағдарламалық құралдарды, сонымен қатар тарихи сілтемелерді, жұмыстың физикалық және құрастырушылық принциптерді, геодезиялық құралдардың жұмыс істеуінің ерекшеліктерін зерттеуіне арналған.

Кітап ең алдымен «геодезия» мамандығы бойынша оқитын студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушыларға арналған, сондай-ақ ол геодезиялық түсірімнің заманауи құралдарды түсініп, меңгеруге талпынатын кәсіби геодезистерге де пайдалы болады.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>