• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жарықтың болмауы Алаш арыстарына арналған құдайы ас өткізілуіне қатысы жоқ

21 Желтоқсан, 20176460


Кеше, желтоқсан айының 20-жұлдызында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде алдын ала ескертусіз жарық сөндірілді. Таңғы сағат 07.50 мен 14.10 аралығында Астана қаласындағы алып құлшылық ордасының жамағаты жарықсыз намаз оқып, құлшылығын өтеді. Электр жарығының болмауына байланысты сайт және студия жұмыстары да кейінге шегерілді.

Орын алған қолайсыздыққа қатысты «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас инженері Еркебұлан Ташатов «Астанаэнергосбыт» компаниясына хат жолдап, аталмыш оқиғаға орай түсіндірме талап еткен болатын. Жауапты компанияның бас инженері Р.Абжанов мырза бүгінгі келеңсіздікке кешірім сұрай отырып, ресми хат жолдап, белгілі бір ақауларға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті.

Айтылған уақыт аралығында электр жарығының болмауына байланысты наразылық танытқан жандарға мән-жайды түсіндіре отырып, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің электр жарығының беймезгіл сөндірілуіне қатысы жоқ екендігін ескертеміз!

Осыған орай, бүгінгі күні «Әзірет Сұлтан» мешітінің мейрамханасында Алаш арыстарына арналған құдайы ас кезінде жарық болмауының астарынан ілік іздеп, сан-саққа жүгіртудің еш жөні жоқ. «Апат айтып келмейтінін» атамыз қазақ әуелден-ақ айтып кеткен.

Сондай-ақ, «Мумтаз» мейрамханасының басшылығы да ас иелеріне алдын ала (сағ. 08.00-де) хабарлап, жарық жоқтығын ескерткен болатын. Мешіт имамдары да басу айтып, сабырға шақырған. Тіпті, жергілікті тәртіп сақшылары да келіп, мән-жайға түсіністік танытуларын өтінген еді. Алайда, тәртіп сақшылардың талаптарын орындамай, аталмыш оқиғаның ақиқаты баршасына айтылғанымен, әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын пікірлер айтылу үстінде.

Құрметті жамағат! Осы орайда, мешіт - құлшылық мекені екенін, бұл жерге адамдардың қардай аппақ ізгі тілегі мен дұғасы, қайырлы құлшылығымен келетінін ұмытпаған абзал. Теxникалық ақауларға бола ізгілік жолында қарымды қызмет атқарып жатқан құлшылық ордасына орынсыз айыптаулар тағып, даурықпа пікір мен дау-дамайды өршітуден аулақ болуларыңызды сұраймыз!

«Әзірет Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметі

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>