• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 50 активінің жекешелендірілуі 2018 жылдың соңына дейін аяқталады

25 Май, 20181530


Бұл туралы 24-26 мамыр аралығында Санкт-Петербургте өтіп жатқан Халықаралық экономикалық форум – 2018 барысында сөйлеген сөзінде Қор Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Қор басшысы ресейлік инвесторларды жекешелендіру үдерісіне белсенді қатысуға шақырды.

«Самұрық-Қазына» Қоры 74 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі Қазақстанның жоғары сапалы активтерінің ең үлкен қоржынына ие, әрі экономиканың әр-түрлі салаларын қамтиды. Биыл біз ірі, орта және шағын компанияларды қоса алғанда, 50 активті жекешелендіруді аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп А.Есімов әлеуетті серіктестерін хабардар етті.

BNews.kz тілшісінің хабарлауынша, форум алаңында «Самұрық-Қазына» АҚ Инвесторлар күні Қазақстандағы мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасының шеңберіндегі инвестициялық мүмкіндіктерге арналған.

Бүгінгі күні Қордың жекешелендіруге жататын активтері екі тізімге бөлінген, олардың біріне 48 ірі компания және 167 орта және шағын кәсіпорындар кіреді.

А.Есімов жекешелендіру бағдарламасы Қор компаниясына табысты қаржы салу үшін тамаша мүмкіндік беретіндігін айырықша атап өтті. Халықаралық бизнес қауымдастығына Қордың компаниялар тобының энергетика, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика саласында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалары таныстырылды. Қор басшылығы барлық активтер нарыққа шығарылғанға дейін мұқият даярлықтан өткенін айтты. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» тобының компанияларының трансформациялану бағдарламасы да осыған әсер етті.

Панельдік сессия аяқталғаннан кейін үш күндік форум аясында барлық мүдделі инвесторлармен және әлеуетті стратегиялық серіктестермен «B2B» форматында кездесулер өтеді.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>