• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қыдырәлі БОЛМАНОВ: Авторлық құқығымды қорғаймын

31 Қаңтар, 201214936395


 

Бүгін интернетте автордың рұқсатынсыз музыка, кино және басқа да авторлық шығармаларды таратуға заңмен тиым салына бастайды. Себебі Қазақстанда зияткерлік меншікке қатысты бірқатар заң нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң күшіне енді. Белгілі продюсер, қоғам қайраткері Қыдырәлі Болманов та өзінің авторлық құқығын қорғайтынын айтты. Әзірге ол республикада қазақша ойыншықтар сататын 300 дүкен ашуды жоспарлап, жары әрі серігі Қарақатпен бірге жаңа клип түсірмекші. 

- Жалпы автор – зияткерлік құқық иесі. Ол ізденіп, ойын, ақылын, дарынын, тәжірибесі мен уақытын сарп етіп, өзінің туындысын жарыққа шығарады,- дейді Болманов,- Оны мемлекет интернеттен болсын, басқасынан болсын, заңмен қорғауы қажет.

- Бұған дейін интернетте музыкалық туындыларыңыздың сіздің рұқсатыңызсыз таралуы табысыңызды қаншалықты азайтып, жұмысыңызға қайтіп кедергі келтірді?

- Интернеттің зор пайдасы да бар.

- Қандай?

- Бұл - енді ғана көріне бастаған әншілерге немесе жаңа бір клипін, ойын, туындысын елге таратқысы келетін адамдарға таптырмас құрал. Өйткені телевизияның өз тәртібі бар. Оған бәрін бірдей жібере бермейді. Ал интернетте үлкен таланттарды халық өздері таңдап алып жатады. Үздік дүниені ел бағалайды. Енді жаңа заң бойынша оларды жариялауды тоқтату соларға кесірін тигізбей ме?! Әр нәрсенің қайыры бар.

- Әрине, автор қарсы болмаса, олардың әндерін шығаруға шектеу болмайтыны анық. Сіз сияқты табысты коммерциялық дүниелер шығарған продюсерлерге виртуалды «ұрлықшылардың» зияны жоқ па? Мысалы, осы заңды жасаған депутаттар кейбір әншілердің «концерттерін қоймай жатып, жаңадан жазған әндері сайттарға шығып кететініне, бұл альбомдарының таратылуына» кедергі келтіретініне шағымданыпты...

- Мысалы, «Ұлытау» тобы - зияткерлік құқық бойынша менің зияткерлік жеке меншігім. Өйткені мен оны ойлап тауып, жаңаша формат жасадым. Осы бойынша Мәскеуден шақыртып: «Бұл - сіздің авторлық шығармаңыз. «Сүгірдің термесі» - сіз форматтаған жұмыс», - деді. Бұрын «Азия дауысына» қатысқан кезде мен сияқты ешкім терме айтқан жоқ. Маған дейін ешкім домбыраны эстрадаға дейін қосқан емес. Мен бір термені ғана емес, домбыраны эстрадаға лайықтаған формат жасап шықтым. Бірақ осының бәрін қарапайым адамға түсіндіру қиын. «Ұлытау» Қыдырәлі Болмановтың жобасы екенін бәрі біледі, бірақ мені нақты автор ретінде танымайды. Ал авторлық құқықтың берілуі нені білдіреді? Ертең менен оны көшіріп алғысы келгендер тек біз арқылы оған қол жеткізе алады. Бұл тәртіпке шақырады. Бір дана адамның: «Что не измеримо, то не управляем» («Өлшенбейтін нәрсе басқаруға жатпайды» - ред.) деген орысша нақылы бар.

- Ал интернеттің бәрін тіпті қадағалау мүмкін емес...

‑ Ия. Дегенмен, заңның авторлық құқықты қорғағаны өте дұрыс. Талантты адамдардың өз еңбегімен тапқан қаламақысын алып отырғаны абзал.

‑ Енді бүгіннен бастап заң күшіне енді. Ал интернет сайттарда сіздің туындыларыңызды тарататындар тіпті көп. Енді не істейсіз? Өз құқығыңыз үшін күресесіз бе?

- Бәріне Алланың берген уақыты бар. Қазір көрейік. Арбаға жүк салсаң, шайқалып барып, орнына келеді ғой. Қазақ: «Көш жүре түзеледі» дейді. Көш басталған екен, енді әрі қарай түзеле береді.

- Сосын белгілі болады деп ойлайсыз ғой. Заңгерлеріңізбен алдын-ала кеңеспейсіз бе?

- Мен негізі сырттай оқып, өзім заңгерлік мамандығын алғанмын. Бірақ керемет заңгермін деп айта алмаймын. Дегенмен, көп нәрсеге көзім ашылғаны рас.

- Онда жаңа заңға сүйеніп, өз авторлық құқығыңызды өзіңіз қорғайтын шығарсыз?

- Әрине, оны жасаймыз. Реттілік керек. Соңғы бір жылда барлық күш-жігерім мен уақытымды «Бал-бала» жобасына арнап кеттім. Өйткені ең және нағыз қажетті нәрсе - осы. Өйткені, балалардың қолдарына ұстауға қауіпсіз ойыншықтар беріп, жүректеріне қазақша әндерді, сөздерді жеткізу оларды өз мәдениетіне, тіліне тәрбиеледі деген ойдамын.

- Осындай биік идея коммерциялық жағынан да тиімді ме?!

- Өте пайдалы. Бас кезінде он дүкен аштық. Одан түсетін пайда көлемді емес еді. Сегіз айдың ішінде олардың санын алпысқа жеткіздік. Өзіміз де көп нәрсені есептеп, түсіне алатын дәрежеге жеттік.

‑ Ал қазақтың арасында осы ойыншықтарға сұраныс қандай?

- Өте жақсы! Компаниядағы басқарушы мамандардың айтуына қарағанда, қаңтар айының өзіне басқа нәрселердің сатылуы саябырлап қалса да, біздің өнімдердің сатылуы бір қарқынмен, өте жақсы жүрген. Ал жаңа жылдың алдында тіпті өте көп сатылды. Енді Қазақстан бойынша 200-300 дүкен ашпақшымыз. Жаңа мамандар келіп жатыр, соған қарап, жұмысымыз екі есеге қарқын алады деп ойлаймыз.

- Шығармашылық бағытта ше? Не өзгеріс бар?

- Қарақат жетігеншілер ансамблін ашты. Онда оның оқушылары қатысады. Он екі жетігенші Қарақатпен бірге ән айтып, жетігенде ойнайды. Жетігенмен ән айту, ансамбль құру - бұрын соңды болмаған нәрсе! Бұл идея...

- Кімдікі?

- Жетігенде ән айту - Қарақаттың идеясы. Оны қолдап, аранжировкасын қадағалап отырмыз. Енді он екі әдемі қызбен бір тамаша клип түсеріміз деп отырмыз.

 

«Араша‑ақпарат»            

        

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>