• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақстанда бір жылда мыңнан астам жас өзін-өзі өлтірді

10 Ақпан, 201227067381


Қазақстанда тағы бір жас қыршыннан қиылды. Ақмола облысының Атбасар қаласында кәсіптік техникалық лицейдің 17 жастағы оқушысы турникке асылып қалғанын хабарлады құқық қорғаушылар жұма күні. Қазақстанда жыл сайын өз-өзіне қол жұмсайтындардың үштен бірі - жастар.

Қазақстанда адамдардың, әсіресе жастардың өзін-өзі өлтіру деңгейі жоғары саналады. 2010 жылы республика бойынша 3617 суицид оқиғасы тіркелсе (100 мың адамға - 22,2), оның 1286-сын – жасы 29-ға толмаған жастар жасаған. Соңғы он жылды алып қарағанда, Қазақстанда суицид деңгейі 27,9 пайызға кемігенін айтады Республикалық ғылыми‑практикалық психатрия, психотерапия және наркология орталығының қызметкері Наталья Распопова Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған ғылыми конференцияда. Әйтсе де, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 100 мың тұрғынға 20 суицидтен асып кетсе, дабыл қағыла бастайды. Ал ресми деректер бойынша Қазақстанда 1990-шы жылдардың бас кезінен бері өзін-өзі өлтіру деңгейі 20-дан төмендемеген.

         Өткен жылы Жарасбай Сүлейменов Парламентте осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдап, Қазақстанның суицид көрсеткіші жөнінен әлемде үшінші орын алатындыңғын айтқан. Ол жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау артып отырғанын хабарлап, ресми деректер мен қоғамдық ұйымдар ақпараттары арасындағы алшақтыққа да назар аудартқан.

«Суицид барша елдерге және барлық уақытқа тән», - деп есептейді Еуразия Инновациялық университетінің «педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Юрий Россинский. Бірақ профессор оның елімізде таралу деңгейі айтарлықтай жоғары екендігін мойындайды. «Қазақстан - адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағынан ТМД және әлем елдері арасында алдыңғы орында», - дейді ғалым. Ол суицид құблысының ең негізгі себебі «баланың немесе адамның өмірлік жағдайларға нашар бейімделуі» деп көрсетеді.

         Распопова жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себебін ашатын әдебиетте 800-ден астам күйзелісті оқиғалар баяндалғанын айта келіп, оның арасында жекелеген-отбасылық фактор (отбасылық кикілжіңдер, жақын адамының қазасы, сәтсіз махаббат, қамқорлықтың жеткіліксіздігі және т.б) басым орында екендігін алға тартады. Мысалы, отбасылық жанжалдар (51,7 пайыз) жасөсірімдер мен жастар арасында өзін-өзі өлтіруге ең көп итермелейтін фактор болып шыққан. Онан кейінгі орында ‑ махаббатта жолы болмау мен құрдастарымен араздасу (14 пайыз). Ал мектептегі жанжалдар мен отбасының әл-ауқатының төмендігі өзін-өзі өлтіруге сирек апарады екен.

Зерттеуші сонымен бірге толық емес немесе әлеуметтік жағынан нашар отбасыларында, авторитарлы тәрбие көріп отырған, әсіре қамқорлықтағы немесе керісінше қамқорлыққа зәру балалар арасында суицидке ұшырау қаупі жоғары екендігіне тоқталды. Суицид қатерін төмендететін факторларға Распопова көңіл-күйдің дұрыстығын, әлеуметтік ортаға сіңісуді, отбасы және достармен тығыз қарым-қатынасты, өзін-өзі жоғары бағалауды, денсаулығының мықтылығы мен дұрыс ортаның қалыптасып, көңіл-күйін көтеретін нәрселердің молдығын жатқызады.

«Біз балалар мен жастар арасында суицидтік іс‑әркеттерге жетелейтін психологиялық себептер мен шарттарды әлсіретіп, одан арылуымыз қажет. Қазір қоғам, отбасы және мектеп үшін бұл – айрықша маңызды міндет», - деді Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков. Ол жастардың психикалық денсаулығын нығайту, ата-аналардың, мұғалімдердің, жалпы қауымдастықтың психологиялық мәдениетін көтеру осындай жағдайлардың алдын-алуда басты бағыттар екендігін жеткізді. Вице-министрдің айтуынша, Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе отырып, 2012-2015 жылдарға арналған суцицидтердің алдын алу бойынша іс-шаралардың мекеме аралық жоспарын әзірлеп, үкіметтің қарауына жолдаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде күніне орта есеппен 3000 адам өз еркімен өмірден өтеді. Ал осындай бір адамға өзін-өзі өлтіргісі келген 20-дан астам адам келеді.

"Араша-ақпарат"

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>