• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Алихан БАЙМЕНОВ: «Мемлекеттік істер туралы» заңға қазақ тіліне қатысты өзгерістер әзірлеудеміз

15 Ақпан, 2012645292


 

Қазақ тілін толыққанды мемлекеттік тілге айналдыру ісі мемлекеттік қызметкерлерден басталады деп есептейді Қазақстан Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы Алихан Байменов. Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білу деңгейі бағаланып, заңға арнайы өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда.

‑ Мемлекеттік тілді қолдап, митингіге шығушылардан депутаттарға дейін: «Мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білетін азаматтар қабылдануы тиіс» деген талапты жиі айтады. Бәлкім, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізетін уақыт келген шығар?

- Мен бұрыннан жалаң ұраннан гөрі нақты іспен айналысқанды дұрыс санаймын. Мысалы, кейбір тіл жанашырлары өткен жылы 22 қыркүйекте біздің енгізген өзгерістерімізді байқамай да қалды. Мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа қызметке ауысқан кезде азаматтың мемлекеттік тілді білу деңгейі бағалануда. Ал мемлекеттік қызметкерлердің 75 пайызы осы ауысым жолымен тағайындалады. Бұл, мәселен, «мемлекеттік тілді білетін қанша азамат жоғарылап жатыр?» деген сауал бойынша ақпарат алуға да мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекеттік қызметке алынған кезде барлығы мемлекеттік тілді білуі жөнінде тест тапсырады.

- Бірақ сол тест сұрақтары 6 сыныптың оқушысына арналған сауалдардай тым жеңіл емес пе?!

- Мәселе тек оның мазмұнында емес. Тест тапсырушы мемлекеттік тілден 0 балл алса да, бұл оның қызметіне еш әсер етпейді. Біз көрші елдердің, мәселен, Ресейдің, Балтық жағалауы елдері, Украина, Беларусь заңнамасын қарап, талдадық. Сонда «мемлекеттік қызметкерге» берілген анықтамада ол «мемлекеттік тілді білетін азамат» деп жазылыпты. Конституция бойынша мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап оның қызметіне байланысты заңмен ғана белгіленуі тиіс. Заң қабылданса, біз қай лауазымдар мемлекеттік тілді білуі міндетті екенін анықтай бастаймыз.

Таяуда ЕҚЫҰ ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесіп, мемлекеттік тілді білу міндеттемелігі жөнінде әңгімелестік. Ол Қазақстанның тіл саясатына қатысты ұстанымын өте жоғары бағалап, бұл бағытта бірге жұмыс жасауға даярлығын білдірді. Бір жағынан тіл саясатының өте «сезімтал» сұрақ екенін түсінеді, екінші жағынан Қазақстанның бірте‑бірте мемлекеттік тілдің рөлін көтеру жөніндегі саясатын қолдайды. Осы бағыт бойынша біз заңнамаға өзгеріс жасауды қолға алмақпыз. Бірақ бұл талап адамдарға кенеттен келген жаңалық болмауы тиіс. Мемлекеттік тіл бойынша үш жылдан кейін, бес жылдан кейін қандай талаптар қойылатындығы анықталып, жариялануы тиіс. Адамдардың дайындалуына 2-3 жыл берілсе де, бұл заңмен бекітілуі керек. Егер 2012 жылы қабылданатын заңда 2015-2016 жылы осындай талап қойылатыны белгіленсе, онда ешқандай сұрақ туындамайды. Себебі шын мәнінде ел ішінде тыныштықтың жоғары құндылық екенін түсінуіміз керек. Екінші жағынан қазақ тілін толыққанды мемлекеттік тілге айналдыруымыз қажет. Оны, әрине, мемлекеттік қызметкерлерден бастау керек.

Басқа елдердегі мемлекеттік тілді білуге қатысты талаптар жөнінде ақпаратты заң топтамасын әзірлеп жатқан Мәдениет министрлігіне жібердік. Қазір «Мемлекеттік істер туралы» заңнамаға осыны енгізуді даярлау үстіндеміз. Бұл үшін жүйелілік пен ұзақ мерзімді жоспарлау қажет. Кейін прокуратура және басқа құқық қорғау орындары жұмысты тоқтатпауы үшін заңнаманы зерттеудеміз.

 Екінші жағынан қазақ тілі де ағылшын тілі тәрізді еңбек нарығындағы бәсекелестік факторы болуы тиіс. Мәселен, біз институтта оқып жүргенде неміс, ағылшын, француз тілдері мұғалімдерінің бәрі бірдей сол тілдерде еркін сөйлей алмайтын. Себебі ондай қажеттілік болған жоқ. Қазір мұғалімсіз де өз бетімен ағылшын тілін меңгергендер көп. Себебі ол нан табу құралына айналды.

- Өзіңіз басқаратын агенттікте мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілде қызмет етуіне назар саласыз ба?  

- Агенттікке келгеннен кейін ең алғашқы жиналыста қазақша сөйлей бастадым. Кейбіреу үшін бұл таңсық көрінгендей. Бірақ кілең қазақ орысша сөйлеп отырсақ қайта жасанды көрінбей ме?! Шынын айтсам, кейде орысша қайталауға тура келеді. "Батпандап кірген мысқалдап шығады" ғой.

Агенттік пен басқару академиясындағы мемлекеттік тілдің ахуалы туралы арнайы жиналыс өткізіп, соның қорытындысы бойынша тапсырма бердім. Агенттіктегі бос лауазымдарға конкурс жарияланғанда да кеңесші, бас мамандарға мемлекеттік тілді білуді талап ретінде қойдық.

 

«Араша­-ақпарат»

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>