• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, сенатор: Кулагин мырза былқ еткен жоқ!

21 Ақпан, 201223325526


Қазақстандағы кейбір лауазым иелері қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бары анықталса да, отставкаға кетпек түгілі басқа жоғары қызметке ауыса береді. Себебі қазақстандық шенеуніктерде ондай түсінік жоқ екенін айтады сенатор Оралбай Әбдікәрімов.

Мемлекеттік істер агенттігінің мемлекеттік қызметкер жемқорлыққа барса, оның басшысын қызметтен кетіру туралы талапты заңмен бекіту бойынша бастамасын «Нұр Отан» партиясының Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес Қоғамдық кеңесінің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов те қолдайды. «Мәселен, министрдің орынбасары немесе басқа бір департамент басшысы жемқорлықпен ұсталса, министр отставкаға сұрануы керек. Бәлкім, оны орнында қалдырар немесе басқа шара қолданар, оны жоғары тұрған басшысы шешеді», - деп есептейді сенатор. Оның айтуынша, заңмен осындай талаптарды енгізу мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілігін одан сайын арттыра түседі.

«Мысалы, Кеден комитетінің басшысы алынды, бірақ Қаржы министрлігінен ешқандай реакция да болған жоқ. Түк болмағандай, жұмысын істеп отыр! Өткен жылы Қостанай облысы әкімдігінің аппарат, департамент басшылары 7-8 жылдан, тіпті 9 жылға дейін сотталды. Бірақ сол кездегі облыс әкімі Кулагин мырза былқ еткен жоқ. Егер осындай жағдай Батыс еліндерінің бірінде бола қалса, мекеме басшыларының өздері жағдайды түсіндіріп, өзінің мұндай қызметті атқаруға моральдық құқы жоқ екенін айтып, өз еркімен отставкаға кетеді. Біздің шенеуніктерде әлі ондай түсінік те жоқ!» - деді Оралбай Әбдікәрімов.       

Ол мемлекет басшысының тапсырмасымен сыбайласқан жемқорлыққа қарсы нақты шаралар қолға алынып, бағдарлама қабылдануы тиіс деп есептейді.

 

«Араша-ақпарат»

 

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>