• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Мырзатай Жолдасбеков: "...Жаным ашып, қабырғам қайысып отыр"

23 Ақпан, 201214186236


Тұңғыш президент музейінде қызмет ететін 300-ден астам адамның ертеңгі тағдыры беймәлім. «Арашамен» сұхбаттасқан музей қызметкері «Назарбаев орталығының» құрылуына байланысты музей қызметкерлерінің тең жартысы жұмысынан айырылып, ал ондағы құнды жәдігерлер әлі салынып бітпеген Ұлттық мұражайдың еншісіне берілуі мүмкін екендігін күйзеліспен жеткізді. Осы хабардан кейін Тұңғыш президент музейінің бұрынғы директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВКЕ телефон шалдық.

 -         Қазір Тұңғыш президент музейі жабылып, ондағы жәдігерлер Ұлттық мұрайжайға беріліп, жүздеген қызметкер жұмыстан шығарылады деген ақпарат қаншалықты шындыққа сай?

-         Мен оны білмеймін. Қазір онда істемеймін. Қызметтен кету туралы өтініш  жазып кеткенмін.

-         Сіз сонда қазір қайда істейсіз?

-          Еуразия ұлттық университетінде түркология кафедрасының меңгерушісімін.

-         Өзіңіздің бұрынғы қызметкерлеріңіздің жай-күйінен хабарыңыз жоқ па?

-         Менімен бірге істегендер кейде хабарласып тұрады. Мерзімі (музейдің бұрынғы мәртебесінде жұмыс істеуі – ред.)  жұма күні бітетін болуы керек. Олар: «Тағдырымыздың не болатынын білмейміз. Қыстың көзі қырауда» дейді. Бәрінің бала-шағалары бар. Көбі - айлықпен ғана күн көріп отырған, үйсіз-күйсіз жүрген қазақтың қыз-келіншектері. Солар тағы далада қала ма деп, жаным ашып, қабырғам қайысып отыр. Әлі күнге дейін көбіне: «Сен қаласың, мынаны істейсің», - деп айтпапты. Қалай енді, музейде істейтін 350 адамды шығарып жіберуі мүмкін емес қой?! Осы уақытқа дейін не Президент әкімшілігінің, не Мәдениет министрінің осыған араласып, бәрінің көңілін жай қылмағанына өзім алаңдап отырмын.

Бұл қызметкерлермен алты жылдай бірге жұмыс істедім. Сол кезде олардың әбден іріктелген, кісілігі жағынан да, біліктілігі жағынан да жетілген мамандар екеніне көзім жетті. Музейде орналасқан Сейфуллин атындағы кітапхананың тағдыры да алаңдатады. Өйткені бұл кітап қоры өте бай!

Тұңғыш президент музейіне келсек, осында жұмысқа келгеннен кейін Елбасымен келісіп, «біздің ескі тарихымыз жасалмады, әр жерден құрастырылған «қырық жамау» күйде, ең болмаса, қолымыздан құрған тәуелсіз мемлекетіміздің ұрпағы үшін кейінгі тарихын жасап берейік» деп, «Жаңа заманның - жаңа тарихы» деген музей жасақтай бастағанбыз. Ол да қалды! Қаражат бөлінген жоқ. Көріп, біліп отырған нәрсені істегім келді, бірақ соның көбінің реті келмеді. Дегенмен, «Қазмұнайгаздан» ақша алып, сақ патшасының мавзолейін жасап едім. Енді ол да быт-шыт болуы мүмкін деп уайымдап отырмын. Ал бұл – біздің алтын тарихымыздың, алтын дәуіріміздің айғағы емес пе?! Қазақ - көшіп-қонып, қаңғып жүрген ел емес, бағзы заманнан мәдени ошағы бар, алтын дәуірлерді басынан кешірген, хандары мен патшалары алтын таққа отырған, алтын сарайда тұрған, алтыннан киініп, ер-тұрманын да алтынмен әшкейлеген халықпыз...

Бұл музей - тып-тыныш, халыққа қызмет етіп отырған және жұрт өз еркімен баратын, баспасөз бетінде «руханиятымыздың ордасы» деп бағаланған орталық еді. Ақордадан бұрын салынып, Елбасының өзі қолымен сызған тарихи орын. Оның орыстанып кеткен Целиноградты қазақтандыруға, Астананы абаттандыруға, рухтандыруға ерекше еңбегі сіңген. Сондықтан, әрине, оның тағдыры бізді ойландырады әрі толғандырады!

 

 Өткенге шегініс:

 Қазақстан Президентінің Жарлығымен осыдан бір ай бұрын, яғни, 23 қаңтарда Қазақстан мемлекеттілігі тарихын зерттеу мен елге тарату мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығы» мен салынып жатқан «Тұңғыш президент кітапханасы» ғимараты негізінде «Назарбаев-орталық» ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекеме құрылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бір айдың ішінде Орталықтың жарғысын және штаттық қызметкерлер саны бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырған.        

Ал Орталықтың директоры болып бұрынғы Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев тағайындалған.

Қазақстан Тұңғыш президенті музейі 2000 жылы ашылды. Онда 600 мыңнан астам жәдігер сақталған. Оның арасында Абылайханның алтын зерлі тоны, Шығыс Қазақстанның Берел қорғанынан табылған сақ патшасының алтын бұйымдары, Қаз дауысты Қазыбек бидің шапаны тәрізді құнды дүниелер бар. Музейдің кітап қорында 603 дана кітап жинақталған. Қолжазбалар мен сирек кітаптар 3 мың данадан асады.

«Араша» сайты музей төңірегіндегі жағдайды назарында ұстап, оқырмандарды алда хабардар етіп отырады.

 

«Араша-ақпарат»  

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>