• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жұмамұрат Шәмші. Қазақ телеарналарының халі

09 Март, 20128857332


Еліміздің телеарналарға  айтылар мін мен тағылар  сын бұл күнде көп. Көгілдір көк экраннан  түрік пен  кәріс, одан қала берді Ресейдің арзанқол бітпейтін телехикаялары қаптап кеткендігі соншалық, қандастарымыз түрікше сөйлеу үйреніп, Сеулге саяхат жасауды армандап жүр. Денизге еліктейтін қыз-келіншектер мен Жумонгке ұқсағысы келетін білдіршіндер көбейіп келеді. Соны байқаған Отандық телеарналар тыраштанып, өз өнімдерін көрсете бастады, бірақ сапасы сын көтермейді. Соның бірі  «Жаным» атты телехикая экранға шықпай жатып көрерменнің сын садағына ілікті, режиссері—Бақтияр Сейтқазиев. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан телехикая туралы өз ойын былай өрбейді. «Айқайлай, айқайлай, қасқырдан да ұят болды» депті ғой баяғыда біреу. Кинода сыра ішкен жалаң бұт қыз, зинақор әке, безбүйрек бала, бейәдеп әйел, ақымақ әже, қарындасымен көңілдес аға. Шын мәнінде, атауы мен әні қазақша телехикая орысша шүлдірлейді.Оның үстіне телехикаяға түскен актерлердің ішінде бір орыс жоқ, кім үшін орысшалап жүр түсініксіз.

   Одан кейін «Айналайын» телехикаясының желісі бойынша қалада өскен Алишер есімді оқушы ауылдағы атасының үйіне демалуға барып, қазақша үйренеді. Қазақ қоғамының басты ауруына айналған тіл мәселесін көтерген режиссерлері Болат Қалымбетов пен Серікбол Өтепберген. Комедия жанрына ұқсағанымен, бет алды күлдіремін деп күлдіре алмай масқара болады. Күлдірудің де жөні болатын шығар. «Құрдастар» телехикаясы Байпақовтар отбасының шытырман оқиғасын көрген адам түгіл ат үркеді. Осылай етіп XXI-ғасырда ешқандай ел комедия түсірмейді қарақтарым-ай. Бұндай комедия жанрларды адам көргісі келмейді, жылағысы келеді.

     Дегенмен, отандық телеарналар біздің менталитетке сай, біздің көрерменге лайық өнім шығарса мүмкін бәсекеге де қабілетті болар ма еді, кім білсін?   Парижден бастау алған ток-шоулар да біздің телеарналарға дендеп еніп келеді. Ресейлік бірінші арнаның «Пусть говорят» ток-шоуына қатты ұқсайтын қазақстандық «Сонымен солай дейік» ток шоуы әжептәуір сапасы жөнделіп келеді. «Ұра берсең, түйеде өледі» демекші, осылай күнде сан-алуан тақырыпты қамтитын мәселелерді қоғам назарын аударып отырса игі.

    Тағы сол, Француздардан орыстар көшіреді, орыстардан қазақтар көшіреді, Ресейдің «Давай поженимся»-ның қазақша көшірмесі «Жар-Жар» бағдарламасы сапасы жағынан әрине төмендеу. «Ел арнаның» «Шіркін,life» реалити шоуы. Ресейдің «Дом-2»-нің қазақстандық нұсқасы атанған, реттеуден өткен әншілер ауылға аттанып, қызығы мен шыжығы мол ауыл өмірімен танысады. «Шіркін life-2»-де әскери өмірдің қыр-сырын үйренеді. Ақыры, жүргізуші Маржан Сұлтанбаева қарындас жігіттерге ренжіп, өз шашын тықырлатып алдырып тастайды. Осылай көрерменнің назарын өзіне аударған Маржан күшік пен мысықты құшақтап жүргенін еш түсіне алмадым.

    Адам баласына еш пайдасы жоқ реалити-шоуларға айқара жол аша бергенше, қазақы қалжың мен әзілді түсінетін режиссер құрып қалды ма?екен. Әйтеуір қазақ телеарнасы біреулердің өнімін алса да, көштен қалып жатқан жоқ. Әлемдік телеарналармен иық тірестірмесе де отандық телеарналардың көрермендерге ұсынар өзіндік жобалары баршылық.

    Қолымда билігім болса егер, отандық 10  телеарнаны басын қосып, тәулік бойы дүние жүзінен жаңалықтарды тарататын сапасы зор 2-3 телеарна ашар едім. Құр саны бар сапасы жоқ телеарналарды көбейте бергенше, СNN, BBC, НТВ, ОРТ телеарналарымен тайталаса алатын телеарна қажет. «Қайсы елдің бұқара ақпарат құралдары мықты сол елдің болашағы зор» деп 100 жыл алдын Міржақып Дулатов айтып еді, бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Соны неге? ескермейміз.

"Араша-ақпарат"

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>