• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Мәсімов кете ме?

27 Апрель, 201216432221


Саяси элитада жақын уақытта кімнің қызметінде қалып немесе лауазымын өсіруі мүмкін екендігін «Рейтинг.KZ» зерттеу агенттігі сәуір айының алғашқы жартысында сарапшылар арасында сауалнама жүргізу арқылы анықтаған.

 Алдағы бірер айда қызметін ауыстыруы мүмкін алғашқы "бестікке" премьер-министр Кәрім Мәсімов енген. «Бір жағынан оның 2011 жылғы президент сайлауынан, 2007 және 2012 жылғы парламент сайлауынан кейін де қызметінде қалуы бұрын соңды болмаған жәйт, оған қоса ол премьер-министр лауазымында қызмет ету мерзімі жағынан бұрынғылардан асып түскен. Осының барлығы оған деген мемлекет басшысының жоғары сенімін көрсетеді» деп жазылған агенттіктің баяндамасында. Екінші жағынан, зерттеушілер Президенттің биыл 27 қаңтарда үкіметті кейбір мәселелер бойынша сынағанын еске түсіре отырып, бұл келешекте үкімет басшысының ауысуына түрткі болуы мүмкін деп есептейді. Бұдан өзге, сарапшылардың ойынша, биліктегі жаңа саяси тепе-теңдік қалыптастыру үшін осындай шешім қабылдануы ықтимал. Оған қоса «Қазақстандағы кадр саясаты тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік аппараттағы шешуші қызметті бір адамдардың бес жылдан артық атқаруы - сирек жағдай».

Рейтинг агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша тұрақты әрі перспективасы мол саясаткер ретінде рейтингтегі алғашқы орынға бірінші вице-премьер Серік Ахметов шыққан. «Кәрім Мәсімовтің үкімет басшылығынан кету ықтималдығын ескерсек, Ахметов бұл қызметке ең лайықты болып көрінеді», - деп жазылған агенттік баяндамасында. Алайда сарапшылардың топшылауынша, Кәрім Мәсімовтің де билік олимпіндегі орны аласармайды, ол өзін «жетекші-технократтан ішкі басқарушы элитаның шешуші «ойыншыларының» біріне айналдыратын» лауазымға, яғни, президент әкімшілігі жетекшілігіне келуі ықтимал.

Зерттеу агенттігі қазіргіден де жоғары жетекші қызметтерге баруға ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевтың және Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтің мүмкіндігі бар екендігін жазады. «Сарапшылар бағалауы бойынша, Есімов Әбіқаевқа қарағанда өзінің қазіргі позициясын сақтап қалу мүмкіндігі аздау көрінгенімен, келешек қызметінің ықпалдылық деңгейі жағынан асып түсуі мүмкін».

Жалпы сауалнамаға 35 сарапшы қатысқан. Олар мемлекеттік жүйеде шешуші позициялардағы жиырма саясаткер бойынша екі сұраққа 7 балдық жүйемен жауап берген: 1) жоғары лауазымды тұлғалардың қазіргі қызметтерін жақын перспективада сақтап қалу мүмкіндігі (1-3 ай); 2) бұл адамдардың позицияларын (ықпалдырақ/ықпалдылығы азырақ) жаңарту ықтималдылық деңгейін бағалау.

 Сауалнама интернет  арқылы өткізілгендіктен, сарапшылардың сұрақтарға жауап берудегі мотивтерінің анық еместігін әрі агенттік тұжырымдары субъективті пікірлерге негізделгенін ескертті «РейтингKZ» зерттеу агенттігі атқарушы директоры Жандарбек СҰЛТАНОВ.

- Сарапшылар бұған дейін де Мәсімовтің "отставкасын" талай болжап келген. Онда неге дәл қазір үкімет ауысуы керек? 

- Шын мәнісінде, Мәсімовтің отставкасы туралы ол бұл қызметті атқарғаннан бері болжам жасалып келеді. Сонымен бірге соңғы жылдардағы ең жоғарғы саяси элитадағы ауыс‑түйістерді әрдайым тек жұмыстағы табыс немесе олқылықтармен түсіндіруге келмейді. Ең жоғары мемлекеттік қызметке барғысы келетіндер үшін Президенттің сенімі факторы аса маңызды. Оны бағалау кей жағдайда қиын да. Соңғы уақытта Кәрім Мәсімовтың жұмысында елеулі олқылықтар байқалмайды. Оның отставкасын күту ең бастысы оның осы қызметте ұзақ атқаруымен байланыстырылады. Сарапшылар «ол бұл қызметті неғұрлым көп атқарса, соғұрлым оның одан кету ықтималдығы жоғары» деген принцип бойынша пайымдамаса керек. Осындай тұжырымның қарабайырлығына қарамастан, оның объективті негізі бар.

- Сарапшылар ең бір тұрақты әрі келешегі зор саясаткер ретінде бірінші вице-премьер Серік Ахметовке жоғары баға беріпті. Неліктен дәл осы саясаткер рейтингте алға шығып, ол премьерлікке ұмсына алады?

- Ахметовтің бұл қызметтегі тұрақтылығын оның осы жұмысты атқару мерзімінің аздығымен және бұрынғы вице-премьерлік тәжірибесінің бар екендігімен түсіндіруге болады. Бұл саясаткердің кәсіби тәжірибесінің молдығы оның келешектегі қызметінің өсуіне мүмкіндік береді. Ахметовтің тағы бір артықшылығы – оның ықпал етуші топтармен байланысы жоқтығы. Бұл оған мәмілеге келтіруші тұлға ретінде әрекет етуіне жол ашады. Оған қоса премьер-министр лауазымына оның орынбасарларының бірінің тағайындалуы қисынды.

"Араша-ақпарат"

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>