• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ерлан Қарин, саясаттанушы: Қазір ұлттық патриоттық қозғалыстар күшейіп келе жатыр

03 Май, 201217874227


- Жақында ғана «Время» газетінде жарық көрген саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің сұхбатына байланысты пікіріңіз қандай? Шындығында Алашордашылардан кейін қазақ халқы тәуелсіздік алуға еш ниет танытқан жоқ па?

 

- Ол тақырыпқа байланысты нақты мынадай екі нәрсені айтуға болады. Біріншіден, Алашордашылардан кейін тәуелсіздік үшін ешкім күрескен жоқ деген мазмұндағы ойы бойынша айтайық. Өткен жылы Әлихан Бөкейхановтың 145 жылдығы қарсаңында өткен конференцияда осы сипаттағы мәселе жайында пікір білдірген едім. «Қазақ тәуелсіздік үшін күрсекен жоқ, тәуелсіздік өздігінен келе салды» деген теріс ойлардың орын алып жүргені рас. Шын мәнінде, Алашорда кезеңінен бергі тарихты айту және жазу барысында тәуелсіздік үшін талай тұлғалардың жанын қиғанын айқын көреміз. Тәуелсіздік оңай қолға тиген жоқ. Бірақ, тәуелсіздік үшін ешкім қиналған жоқ деген ойлар бір рет қана айтылып қойған жоқ. Өздерінше оны күшейтіп, көбірек нәсихаттау ниеті асқынып келе жатыр.

 

- Алашордадан кейін де қазақ даласындағы көтерілістер аз болмағаны анық қой?

 

- Иә, екінші мәселе де осыған байланысты. Алаш қайраткерлерінің күресін айтпаған күннің өзінде, 1920-1930 жылдар аралығында бірнеше ұлт азаттық көтерілістер болды. Мысалы, оңтүстік жақтағы Созақ көтерілісі, Маңғыстаудағы Адай көтерілісі және Қарақұм көтерілісі т.б. осының бәрін тәуелсіздік жолындағы ұлт азаттық көтерілістердің жалғасы ретінде қарастырмауға болмайды. Бұрын да бір сұхбатымда айтып өткенімдей, 1950-1960 жылдардың өзінде әр жерде локалды болса да ұйымдасқан қарсылықтың белгілері болды. Калифорниядағы институттан мұрағат құжаттарына келген кезімде, Кеңес одағы Қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.Семичастныйдың хатын көрдім. Онда Қазақстандағы үкіметке қарсылықтың күшейіп келе жатқаны айтылады. Міне, жаңағы азаматтың қазақтардың тәуелсіздік үшін күрескеніне деректері мен дәлелі жоқ болса осыны айтуға болады. Бұл дегеніміз Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Семичастныйдың партия орталық комитетіне берген мәліметі. Онда Қазақстан мен Украинада және Балтық жағалауы елдеріндегі Кеңес одағына қарсы қозғалыстардың күшейіп кетуіне алаңдаушылық білдіреді. Ал, бұл қарсылықтардың заңды жалғасы 1986 жылғы оқиға.

 

- Осындай теріс көзқарастардың астарында не жатыр? Бұнымен қатар ұлттық патриоттарды жағымсыз етіп көрсетудің мақсаты не?

 

- Бұның бір ғана себебі бар. Қазір ұлттық патриоттық қозғалыс, жалпы ұлттық сектор күшейіп келе жатыр. Бұл осы үрдіске деген қарсылық әрекет. Шынымды айтсам, ұлттық патриоттық қозғалыстардың өзіне де сын айтуға болды. Былтыр ғана «Ұлы дала» және «Ұлы дала қырандары» деген екі бірдей қозғалыс құрылды. Қайда сол қозғалыстар? Жалпы осындайда жарып шығып, бір емес бірнеше конференцияны ұйымдастыратын ұлтшыл патриоттар қайда? Бұндай бұрыс пиғылдарға лайықты жауап берілуі керек қой.

 

Мұрат Алмасбекұлы

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>