• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ашқарақ буржуазия немесе қалтасы қалың, мәдениеті жұқа қазақ байлары

17 Май, 2012343936


 

Жақында ғана «Forbes Kazakhstan» журналы қазақстандық елу байдың атын мәшһүр етті. Қуанғанымыз – араларында қазақ көп екен. «Бермесе де бай жақсы, жемесе де май жақсы». Көгала қағаздары бірнеше миллиард долларлардан басталып, неше ондаған миллиондармен аяқталатын қаржы алпауыттары біздерді бір арқаландырып тастағаны анық.

Бірақ, ел құлағын елеңдеткен елу байдың есімі, өздерімен бірге тағы бір сұрақтың құлағын қалқайтты. Иә, бізде байлардың қарасы аз емес екен. Әйтсе де, олар ел мүддесін, ұлт болашағын ойлайтын ұлттық буржуазия міндетін атқара ала ма? Қысқасы, дәл бүгін:

- Қазақта ұлттық буржуазия бар ма?

– Біздің қоғамды әлеуметтік құрылымы жағынан саралап көрсек, 5 пайызға дейін байлар бар. Сол байларды ірі буржуазиялық топ деп айтуға болады. Олар, негізінен, қазақ ұлтының өкілдері. Бүгінгі кәсіпкерлердің бәрін буржуазия деп атау лайық бола қоймас. Біздегі алғашқы буржуазия өкілдері негізінен кәсіпкерлер, банкирлер жалпы олигархтардан тұрады. Басым көпшілігі ашқарақ, әлі де болса қалталары қалың болғанымен, мәдениеттері жұқалау, ұлтына деген жанашырлығы аз топ болып тұр. Амангелді Айталы, қоғам қайраткері. Ақтөбе

Анықтама: «Ұлттық буржуазия – экономикасы енді қалыптасып келе жатқан елдердегі өз елінің саяси, экономикалық тұрғыда тәуелсіз дамуына мүдделі капиталистер класы». Н.Е.Яценко. «Терминдер сөздігі» 1999 ж.

Тарихи тамыры терең кез-келген елде ұлттық буржуазия мемлекеттің тірегі, іргетасы болып саналады. Олар, тіпті, бүкіл мемлекеттік құрылымда ірі саяси-экономикалық потенциалы арқылы шешуші рөл ойнайды. Елдің негізін құрайтын ұлттан бастау алатын осы топ, ұлттың, елдің белгілі кезеңінде жан-жақты дамуы үшін ықпалға да ие бола алады.

Әлемдік тәжірибеге зер салсақ, ұлттық буржуазияның ұлттық мемлекеттердің құрылып, өз елдерінің экономикалық күш-қуатына тікелей ықпал етуі – ХІХ ғасырда кең қанат жайғанын көреміз. Англия, Франция, Италия елдері мемлекеттік даму кезеңінде ұлттық буржуазияға арқа сүйеген. Франциядағы 1789-1794 жылдар аралығында болған төңкеріс кезінде ірі буржуазия қарулы күштерді қаржыландырып, жоғарғы қолбасшылықтарға өз адамдарын қойып отырған.  Ал, Иранның ұлттық буржуазиясы ағылшындардың өз мұнай көздерін иемденулеріне қарсы толқулар ұйымдастыруға ұйтқы болған. Мысал көп. Тіпті, қызыл көсем Лениннің өзі «буржуазия ұлттың бейбітшілігі үшін үлес қосуы тиіс» деп «жылы» лебіз білдірсе керек.

Қазақ тарихында да ұлттық буржуазияның айқын ізі бар. Кезінде қазақ даласындағы ірі феодалдар ру-тайпаның қорғаны болу арқылы, ұлтқа тұтқа болғаны белгілі. Әуелі, түбі бір түркінің ұрпағы татар көпестері мен кәсіпкерлері Алаш қайраткерлеріне етене жақын болып, «Айқап», «Қазақ» секілді басылымдарға қаржылай қолдау жасап отырған. Ал, есімдері көп атала бермейтін Күсепқалиев Ахметше, Шұғыл Қажы сынды адамдар Алашорданың Батыс бөлімінің Үкіметін қолдап, қаржылай көмек көрсеткен.

Ал бүгін ше? Аттары айдай әлемді кезіп кеткен байларымыз не істеуі керек? Ұлт үшін. Қазақтың қаспақты қазандай қатпарлы байлығын қандалаша сорып жүре беруі керек пе? Бір шындық бар. Біз кеше ғана коммунистік жүйенің құрамынан шықтық. Сондықтан, біздегі буржуазияның әр текті болуы әбден заңды. Енді ғана толық танылып жатқан жаңағы елу байдың ұлт мүддесі жолында не істей алатыны, біз үшін өте маңызды. Олай болса:

        «Forbes Kazakhstan» журналында жарияланған дәулеттілерді ұлттық буржуазия санатына жатқызуға бола ма?

– Олар белгілі деңгейде кәсіперлік саланы көтеріп, өзіндік мүмкіндіктері арқылы осындай қаржыға жетіп отыр. Ал, бәрін бірдей ұлттық буржуазия қатарына қосу дұрыс бола қоймас. Себебі, олардың арасында басқа этностың өкілдері де бар. Әлемдік дәрежедегі қалталы азаматтардың көбі айтарлықтай қиындықтарды бастан өткізу арқылы жетістікке жеткен. Ал біздегілер ше? Олар қысқа уақытта байлыққа жетті.Осы жағы да назарда болатыны жасырын емес. Жалпы алғанда оларды ұлттық буржуазия қатарына жатқызуға болады. Және бұл олардың алдағы уақытта ұлт мүддесі үшін қалай қызмет етуінен де байқалатын шығар. Расул Жұмалы, саясаттанушы. Алматы.

Қарап отырсақ, бізде осы ұлттық жобаға мына ірі кәсіпкер қолдау жасады деп саусақпен шұқып көрсете қоятын ештеңе жоқ екен. Тек айтыс, дәстүрлі ән кеші, өзге де ұлттық ойындарға дем беретін санаулы меценанттар ғана бар. Қарапйым мысал: Мәскеуде барлық ұлттың асханалары бар, тек қазақтыкі жоқ. Мәскеу былай қалысын, өзіміздің Астанада толық ұлттық үлгіде жасалған бірде-бір мейрамхана не дәмхана жоқ. Керісінше, басқа елдердің ұлттық мейрамханалары тізіліп тұр, және ішіне кірсең ұлттық рухы еседі. Бұны 2010 жылы Елорданы дамыту жайында өткен жиында президент Н.Назарбев та ескертті. 

Бір нақыл: «Ақсұңқар қанатымен шашып жейді, жапалақ бауырына басып жейді». Халық даналығы.

Бұған Лев Толстойдың ««Байлық – тезек сияқты, үйілген сайын сасиды, шашылса айналаны құнарландырады» дегенін қосайық. Орыс ойшылы мен дана қазақ нақылы үйлесіп-ақ тұр. Тектілік танытса қазақ буржуазиясы ардақты құс ақсұңқарға айналмақ. Ал, түк көрмеген тексіз көркеуде болса, сасыған тезекке жабысқан жапалақтан ары аспайды.

Дау жоқ. Дәулеттілердің байлығына ешкім таласпайды. Қалай жаратса да өз еркі. Әйтсе де, бұл – қалталыларға қара басыңның қызығы үшін қаржыңды қалағаныңша шаш деген сөз емес. «Елде болса ерінге тиеді» дейтін халықтың емеурінін тани білу, етек-жеңін жиюына қол созу. Бұл әрине, олардың азаматтық, ұлттық санасына байланысты.

Қазір ұлттық модернизацияның кезеңі. Ұлттық мүдде сын сағатта тұр. Бұндай жағдайда қазақ байларының ұлттық буржуазияға тән сипаты – қазақ тілді бір интернет жобаны қолдаудан-ақ көрініс табуы мүмкін. Ұлттық өнерге, ұлттық спортқа қаржы бөлем десе де ешкім қолын қақпайды.

Астана мен Алматының шетінде қазақтар шоғырланған ауылдар, ықшам аудандар көп. Инфрақұрылымы мешеу Талапкер, Қоянды т.б. ауылдардың Елорданың іргесінде тұруы – қарапайым халықтан бұрын ауқатты кәсіпкерлердің намысына тиетін шығар.

Баспанаға мұқтаж қазақ жастары, жалпы Қазақстан ауылдары мен қалаларындағы жұмыссыздық, халықтың мәдени-саяси сауатының төмендігі, қазақ тілді тәуелсіз БАҚ-тың қолдауға зәрулігі... Айта берсек шешуін күткен кесек мәселелер көп. Әрине, бұның бәрін реттеу мемлекеттің міндеті. Бірақ, сол мемлекет пен ұлттың арқасында табыс тауып отырған буржуазияның қажет кезде көмекке келуі заңды құбылыс. Біз бұны ойдан тапқан жоқпыз. Әлемдік тәжірибе, өркениетті елдердің даму жолы бәрімізге осыны міндеттеп отыр.

Мұрат Алмасбекұлы 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>