• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Айдос САРЫМ: Ұлттық құндылықтар үшін күрестің алғы шебі – орыс тілді қазақтар

21 Май, 2012898377


 

Үкіметте жақында ауыс-түйістер болып, жаңадан «саяси» вице-премьер лауазымы пайда болуы мүмкін бе? Павлодарды қалай атаған жөн: Нұркент пе, Қонаев па? Ұлттық нышандар ғана емес, ұлттық тұлғалар мен мемлекеттік тілге тіл тигізгендерді де жауапкершілікке тарту керек пе? Бұл сауалдарға саясаттанушы Айдос Сарым жауап береді.       

- Алдағы аптада билікте ауыс-түйістердің болу мүмкіндігі қаншалықты? (И.Тасмағамбетов "Нұр Отан" партиясы басшылығына келеді, Б.ӘбдіғалиевАрқалық қаласы әкімі болады және т.б болжамдар айтылуда) Қандай нақты өзгерістерді күтуге болады?

         - Қазақ билігіндегі ауыс-түйістер - көптен бері күтіліп отырған жағдай. Бұл әңгімелер президент сайлауынан кейін орын алады деп болжанған болатын. Солар алдағы уақытта іске асуы тиіс. Себебі бүгінгі үкімет пен әкімлер корпусының жұмысына жаңа қарқын, жаңа леп қажет екені анық. Сондықтан ең ірі өзгерістер үкіметте, президент әкімшілігінде және облыс әкімдері арасында жүретін сияқты. Егер сіз болжап отырғандай, Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов билік партиясының тұтқасын ұстар болса, онда оның орнына бүгінгі үкімет басшысы Кәрім Мәсімов немесе президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин баруы ықтимал. Үкіметке келетін болсақ, оған қазіргі вице-премьер Серік Ахметов барып қалады деген сыбыстың шыққанына бірнеше ай болып қалды.

 Сонымен қатар ішкі саясат мәселелерінің біраз бөлігі президент әкімшілігінен үкіметке қарай ығысуы мүмкін деген әңгімелер тарап жүр. Бұл да - қисынды. Олай болатын болса, үкіметте ішкі саясат мәселелерін қадағалайтын вице-премьер қызметінің қайтадан енгізілуі ғажап емес. Әкімдерге келетін болсақ, бүгінгі күні Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан сияқты аймақтардың басшылары өз қызметтерінен кетеді деп жатыр кейбір сарапшылар. Қалай болғанда да бұл ауыс-түйістердің барлығы үкіметтің отставкаға кетуімен тікелей байланысты. Бұл туралы шешімді тек қана президент қабылдайды.

 - Жақында бір топ зиялы қауым өкілдері Павлодар қаласын Нұркент, облысты Нұрарқа деп атауды ұсынды. Олар осылай отаршылдық санадан арылып, жастарды тәрбиелейміз деп отыр. Сіз не ойлайсыз? Отаршылдық санадан арыламыз деп, осындай бастамалар арқылы "тұлғаны әспеттеу" үрдісін енгізбейміз бе?

         - Өз басым Павлодар мен Петропавлдың атауларын өзгертілгенін қалаймын. Бұл - барша қазақ қауымының саяси талап-тілегі. Бірақ, жаңағыдай Нұркент, Нұрарқа деп өзгертілуіне қарсымын. Менің ойымша, егер олардың атауларын өзгерту туралы нақты шешім қабылданып жатса, ол қалаларға лайықты атаулар да, тарихи тұлғалар да жетіп жатыр. Мәселен, Павлодарға белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беру қажет деп санаймын. Кезінде Димекең осы қаланың көркеюі, дамуы, ондағы өндіріс орындарының салынуына қыруар еңбек етті. Егер қаланың аты Қонаев деп өзгеріп жатса, түсінуімше, оған қазақ қауымы да, орыс диаспорасы да қарсы шыға алмас.

Ал Петропавлға келсек, оның Қызылжар деген тарихи атауы бар. Қала атауларының қазақылануы – сананы, қоғамды отарсыздандырудың алғашқы қадамдарының бірі. Мәселе – тек қана сол қалалардың атауларының өзгергенінде ғана емес, олардың болмысына, тұрмысына, пішініне қазақы құндылықтардың, қазақ дизайнның көптеп енуінде. Байқасаңыз, егер сол Павлодар мен Петропавлдан көшелерінің қазақы атаулары мен қазақ туларын алып тастасаңыз, Ресейдің кез-келген қаласынан айнымай қалатыны хақ. Сол жағын да ескеруіміз қажет. Олардың атауларын өзгерту үшін қазақ қауымы бірігіп, белсенді қызмет атқаруы керек-ақ. Ойымыз, ісіміз, талаптарымыз бір жерден шығып отыруы ауадай қажет. Ал бүгінгідей біріміз – Кереку, екіншіміз  - Қимақ, үшіншіміз – Сарыарқа, төртіншіміз – «тарихи атына тиісуге болмайды» деп, бесіншіміз – «нұрландырып» жатса, бұл жақсылыққа апармайды. Тіпті осындай «тұлғаға табыну» үрдісі арқылы үлкен маңызы бар идеяның құнын кетіріп алуымыз да мүмкін. Дұрысы, Павлодар жұртшылығының жиынын өткізіп, нақты шешімге келіп, соны барша қазақтың ұранына айналдырғанымыз абзал.

 - Ұлттық символдарды мазақ еткендерді қылмыстық түрде жазалу мәселесі көтерілуде. Бұл ұлттық нышандарға деген, әсіресе жастар арасында құрметті арттыра ала ма?

         - Ұлттық, мемлекеттік символдарға құрмет – кез-келген мемлекеттің, қоғамның заңдық және адами талабы. Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, оларды мойындамаған, менсінбеген, қорлаған азаматтарды қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңдық баптар бар. Егер біздер тәуелсіз мемлекет құрып жатқанымыз рас болса, онда ең алдымен заң нормаларын өзіміз де мүлтіксіз орындап, өзгелерге де сыйлата білуіміз міндет. Қажет болса, алдағы уақытта мемлекеттік тілді, қазақтың тарихи тұлғалары мен оқиғаларын мойындамаған тұлғаларды заңды түрде қудалау туралы нормаларды енгізуіміз қажет болар. Мысалы, қазақ үшін аса көп қасірет алып келген Ұлы жұтты жоққа шығарған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңның қабылданғанын қалаймын. Мемлекеттік органдарда қазақ тілін енгізбеген, үлкен маңызы бар ұлттық шараға саботаж жасаған шенеуніктерді жауапқа тарту керек. Бұл да - заман талабы. Егер «барлығы өз кезінде жүзеге асады, барлығы да түбі орнына келеді» деп жалпақшешейлік танытып, «шүкіршілікке» салына берсек, мәселе шешілмейді. Мемлекет - тек жарылқаушы күш емес, міндеттеуші, мәжбүрлеуші күш екенін естен шығармайық. Қажетінде мемлекет қаһарына мініп, өзінің мінезін, күшін көрсетіп отыруы тиіс. «Жұмсақ күш», «мәдени саясат», ықыластандыру, ынталандыру керек шығар, бірақ олардың сыртында нақты саяси жігер, нақты мәжбүрлеу әдістері мен құралдарының көзге көрініп тұрғаны дұрыс.

 - Соңғы уақытта орыс тілді баспасөзде ұлттық патриоттық бағыттағы саясаткерлерді келеке ету, қаралау байқалатын сияқты. Мысалы, Әшімбаевтың, Борейконың мақаларын алуға болады. Жалпы бұл әдейі, мақсатты түрде жүргізіліп жатқан науқан емес пе? Осындай мақалаларды сіз өзіңіз қалай қабылдайсыз?

         Сөзіңіздің жаны бар. Соңғы кездері орыс баспасөзінде ұлттық құндылықтар, қазақтың саяси талап-тілектері туралы ашық айтып, жазып жүрген азаматтарды келеке ету, оларды есуас, ақымақ қылып көрсету үрдісі анық орын алып отыр. Мысалы, Өскемен жақта Мұстафа Шоқайды «фашист» етіп көрсету, оның тарихын зерттеп, насихаттап жүргендерді «фашизмнің қолдаушылары», «Гитлердің құйыршықтары» етіп көрсету жергілікті баспасөзда орын алды. Белгілі қаламгер, шоқайтанушы Қасымхан Бегманов ағамыз оларды сотқа тартып жатыр. Бұндай сот істеріне барлық қазақ баспасөзі болып, ауызбіршілік танытқанымыз абзал. Жеңіс күні қарсаңында баспаөзде, интернетте «Ұлы Отан соғысы» туралы қаншама дау туындады. Оның өзінде орыстілді сарапшылар мен журналистер КСРО бізге «Ұлы Отан» емес, соғысты «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп атау қажет дегендерді ит қылып бақты. Сол оқиғаның қарсаңында орыстілді қауым көліктері мен киімдеріне «Георгий бауларын» тағып жүрді. Бұл негізі Ресейде басталған саяси акция екенін ескерсек, оны негізінен тек орыстілдідер қолдағанын көріп отырмыз. Онысы аз болғандай өзіміздің телеарналар да орыстан асып, осы «Георгий бауларын» насихаттап жатты. Егер осы бір тарихи оқиғаны жадымыздан шығармаймыз, ұмытпауымыз керек деп жатса, біздің қазақ қауымы өзін ерекшелендіретін басқа акциялдарды неге жасамайды? Бәлкім, оларды «Георгий баулары» емес, «Бауыржан баулары» деп атап, мемлекеттік рәміздердегі түстерді неге пайдаланбаймыз?

         Жаңағыдай қазаққа қарсы ақпараттық саясаттың жүріп жатқанын өзім де байқап жүрмін. Мысалы, соңғы кездерде бір топ жас саясаткерлер мен сарапшылар бірігіп, тіл туралы, Кедендік одақ туралы мәлімдемелер жасадық. Соларды орыстілді баспасөз «ақымақтық», «есуастық», «дарақылық» деп көрсетуге тырысты. Әрине, одан біздің ұтылып немесе күйзеліп жатқанымыз шамалы. Осының негізінде бұрындары серіктес болған басылымдардың басшылары мен журналистерімен талай айтысып, оларға жоламайтындай болдық. Қазақ баспасөзі де осындай ірі, принципті мәселелерге келгенде ауызбіршілік танытып жатса болғаны. Мысалы, қазақ тіліне, тарихына, мәдениетіне, мемлекеттігіне қарсы шығып, аяқасты етіп жатқандарды бірігіп, масқаралап отырса, жетіп жатыр. Екінші жағынан бір түсінгенім, қазақ ұлтшылдары, ұлтжанды азаматтары бүгінгі күні тек қана қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де сөйлеп, орыстілді баспасөз беттеріне шығып, өз позицияларын, ұстанымдарын жеткізіп отыруы керек сияқты. Қазіргі күні ұлттық құндылықтар үшін жүріп жатқан күрестің алғы шебі - орыстілді қазақтар. Оларды ұлттық құндылықтар аясына қайтару, олардың мүкіндіктері мен білімін ұлттық күрес үшін ұтымды пайдалану - қазақ ұлттық қозғалысының басты міндеттерінің бірі. Олай болатын болса, қазақ құндылықтарын орыс, басқа тілдерде насихаттайтын ұлтшыл баспасөз, интернет құралдары қажет.

- Сіздер соңғы кезде екі үлкен үндеу қабылдап, бұл қоғамда қызу пікірталас тудырған. Оған сіздер ресми орындардан жауап ала алдыңыздар ма? Нәтижесі қандай?

‑ Заң бойынша билік органдары біздің үндеулерге бір айдың ішінде ресми жауап беруі керек. Олай болмаса заңда қарастырылған шараларды өзіміз пайдалануымыз мүмкін. Бірақ, ол үндеудердің басты міндеті қоғамдық пікір тудыру, қазақ жастарына жаңа бағыт беру. Бұл ‑ ресми жауаптан да маңызды жайт.

 

 

«Араша-ақпарат»

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>