• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Серікбай ТҰРЫМОВ, Жаңаөзен қаласының әкімі: Жаңаөзенде жұмыссыздық әлі бар, оны ашық айтуымыз керек

24 Май, 201214712250


– Қазір, шағын қалаларды дамыту басты ұран болып тұр. Бұл тұрғыда Жаңаөзен қаласы қандай қам-қарекет жасауда?

 – Біз ең алдымен кешенді жоспар жасақтаймыз. Бірақ, 2020-жылға дейін жоспарланған бұндай жоба Үкіметпен бұрын да бекітілген. Осы екеуін біріктіре отырып, халыққа ең қажетті дүниені жасаймыз. 

– Онда қамтылған негізгі бағыттар не?

– Негізінен, қаланың ішкі-сыртқы жолдарын жасау, көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, Жаңаөзеннің инфрақұрылымын дамытуға қаражаттар бөлінеді.

– Ол қаражаттар қашан бөлінеді?

– Моноқалаларды дамыту мәселесі көтерілгенде-ақ бізге жыл басында бюджетті нақтылаған кезде, 477 миллион теңге бөлінген болатын. Бұл ақшаны жоғарыда айтқанымдай, тек Жаңаөзен қаласының ішкі жолдарын жөндеуге жұмсаудамыз. Тек бір бағытқа ғана қаржы салдық. Жұмысымыздың нәтижесі көріну үшін осылай істеуге тура келді. Бұйыртса, жыл соңына дейін қаламыздағы екі ықшам ауданның ішкі жолдары толығымен жөнделеді.

– Жолдан басқалары назардан тыс қалмай ма?

– Әрине, олай емес. Балалардың ойын алаңдары, көшедегі спорттық нысандар, және қаланы абаттандыру да іске асады. 

– Қазір қала халқының нақты саны қанша?

– Статистикалық дерек бойынша – 123 мың.

– Оралмандар көп пе?

– Оларды оралман деп айтып жатамыз ғой, бірақ, еліне келіп, азаматтық алған соң бәрі  - өзіміздің қандасымыз, халқымыз. Байырғы ата-бабалары осы жерде мекен еткен, тек түрлі себептерге байланысты шетел асқан адамдардың балалары. Бізге негізінен ағайындар Өзбекстан мен Түркіменстаннан келеді. Жалпы қаланың 60 пайызын отанына қайтып келген ағайындар ұстап отыр.

– Жаңаөзендегі оқиғадан кейін халық арасында басқа жаққа көшу, қоныс аудару болды ма?

– Ондай жағдай болған жоқ. Халық орнықты.

– Қаладағы жұмыссыз жастардың жайы қалай шешімін табуда?

– Енді, жұмыссыздық мәселесі бар. Оны ашық айтуымыз керек. Бірақ, шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес және 2020-жылға дейінгі кешенді жоспарға сай, Жаңаөзенге жақын «Кендірлі халықаралық демалыс аймағын» осы мәселеде кеңінен пайдаланбақпыз. Ол жердегі демалыс орны жаңғыртылып, халықаралық әуежай салынады. Қаражаттар белгіленген. Келесі жылы жұмыс басталады. Жұмысшылар қабылданады. Сонымен бірге, «Қазмұнайгаз» секілді ірі компаниялар мен жергілікті кәсіпкерлердің серіктестігі жолға қойылады.

– Мәселен?

– Олар өздеріне қажет кейбір қызмет өтеуді жергілікті кәсіпкерлерге береді. Мәселен, бізде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы бар. Солардың жұмыс киімдерін тігу, тазалау, өнідіріс басындағы сумен қамту секілді жеңіл жұмыстарды жергілікті халыққа береді.

– Ал, бұған дейінгі қаланың әлеуметтік жағдайының нашарлығы да Жаңаөзендегі қақтығысты тудыруға себепші болды ма?

– Жаңаөзендегі оқиға жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы даудан туындады. Негізінен, еңбекақы бойынша. Бірақ, оқиғадан кейін жұмысқа шыға алмай қалған 1074 адамның 1069-ы жұмысқа орналасты. Қазір Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық-саясаи жағдай қалыпты деп айтуға болады.

– Жаңаөзенде шетелдік инвесторлар бар ма?

– Бізде тек «Қазмұнайгаздың» өндірістік филиалы «Өзенмұнайгаз» ғана бар. Сондықтан да моноқала атанып жатырмыз. Болашақта Кендірлі демалыс аймағында шетелдік компаниялар болуы мүмкін. Сосын, жылыжайларды салу, сумен қамтамасыз ету жөнінде облыс көлеміндегі шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Болашақта келіп жұмыс жасайды деп есептейміз. Және Ақтау қаласының жанына орналасқан еркін экономикалық аймақ бар. Сондай еркін экономикалық аймақты Жаңаөзен қаласының жанынан ашу да көзделіп отыр.  Қазір 500 гектардай жерімізді ыңғайлап қойдық. Егер, ол ашылатын болса, шетелдік инвесторлар келеді деген ойдамыз.

– Жалпы Маңғыстау облысында осы Жаңаөзен секілді дамытуды қажет ететін басқа қалалар көп пе?

– Әрине. Бұған дейін мен Түпқараған ауданының әкімі болдым. Орталығы – Форт-Шевченко қаласы. Ол жалпы Маңғыстаудағы ең алғашқы мәдени, өндірістік ортаның дамыған орталығы. 165 жылдық тарихы бар, батыс өңірдегі алғашқы қалалардың бірі деуге болады. Онда үлкен тарихи ескерткіштер де бар. Бірақ, халық саны өте аз. 15 мыңдай ғана. Негізгі жұмысы – Солтүстік Каспийдегі «Қашаған» кен орнымен байланысты. Сол жерде «Аджип» компаниясының өндірістік базасы бар. Жалпы бұндай қалаларды да дамыту керек. Себебі, географиялық орналасуы өте қолайлы, теңіз жағасында.

– Жаңаөзендегі қымбатшылық жайы қалай?

Өзіміздің арнайы штабымыз, комиссиямыз бар. Бағаны қадағалап отырамыз. Маңғыстау өңіріне ішпек-жемектің көбі сырттан әкелінеді. Сондықтан, бағаға қатысты біраз мәселелер бар. Өндіріс орындарында істейтін азаматтардың жалақысы жоғары, бюджетте істейтіндердікі төмен дегендей. Бағаға байланысты кейбір мәселелер болып тұрады. Штаб бар, қадағалаймыз, бірақ, барлық тағам сырттан әкелінеді. Соны реттеу қажет.

– Қалай ойлайсыз, шағын қалалардың мәселесін бұрыннан көтеруіміз керек пе еді? Кешігіп, Жаңаөзендегі жағдайдан кейін ғана есімізге алған жоқпыз ба?

– Жалпы, мен Үкімет тарапына өйтіп баға бере алмаймын. (күлді) Шағын қалалар туралы бағдарламаны қолға алу дұрыс қадам болды. Әрине, ертеректе істелгенде тіпті жақсы болар еді.

 

        Рахмет!

Мұрат Алмасбекұлы

 

 

 

 

 

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>