• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, жазушы, ғалым: Ассамблеяны тарату керек

24 Май, 201231220307


 

Доктринадағы диаспоралар елдің экономикасы, идеологиясына ғана емес, енді ғылымы мен мәдениетіне ықпал етуде деп есептейді филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай.

- Аға, өзіңіз де естіп жатқан шығарсыз, жуырда Өскемендегі басылымдардың бірі Алаш арысы Мұстафа Шоқайды «фашистердің құйыршығы» деп тілдеген соң, ақын Қасымхан Бегманов ұлт намысын қорлағандарды сотқа берген. Бірақ, соттан «жеңіліп» қалды.

- Сонда сот шешімімен Мұстафаны «фашист» дегендер ақталып шықты ғой?

- Иә, солай. Бұған не дейсіз?

- Өзіне де сол керек!

- Кімнің өзіне?

- Мемлекеттің. Өз мемлекетінде өзінің азаматын қаралап, тілдеп, сатқын деп жариялауға жол берген өзімізге де сол керек! Бұл – соттың ұятсыздығы. Біздегі сот жүйесінің шірігендігі, намыссыздығымыз.

- Өткенде Әнұранның жайын көрдіңіз. Парламент қазір мемлекет рәміздерін қорлағандарға жаза қолдану тұрғысында заңды қарастырып жатыр. Бірақ, десе де, ұлттық намысты таптау оқиғалары жиілеп барады. Осыған қалай тосқауыл қоюға болады?

- Бірінші, Қазақстан халқы ассамблеясын жою керек. Өйткені, бұл саясаттың түпкі негізі - соларда. Бізде дін, тіл, жалпы ішкі идеология Қазақстан халқы ассамблеясына көшкен. Ғылым дамыту жөнінде оларға бағдарлама берілген. Мәдениетті дамыту жөнінде де солай. Мәселен, қазір фильм түсіру керек болса, тапсырысты солар береді. Сонда Білім және ғылым министрлігі қайда? Мәдениет министрлігі ше? Олар немен айналысады? Доктринадағы көрсетілген дисапоралар қазір Қазақстанның экономикасын былай қойып, идеологиясын былай қойып, енді ғылымы мен мәдениетіне ықпал етіп отыр. Олар бюджет арқылы ақша алып жұмыс істейді. Сонда әлгі министрлер немен айналысады?

- Бұл, жалпы, нені білдіреді? Бізде сонда ұлттық идеология жоқ па?

- Бізде идеология жоқ. Ұлттық идеология деген атымен жоқ. Таяуда бір кітап түсті қолыма. Өзі мемлекеттің орындардың тапсырысымен дайындалған екен. «Ұлттық идея Қазақстанның тәуелсіз дамуының негізі» деп атал ады. Мен таң қалдым сонда, бізде ұлттық идея жоқ, ал, монография бар. Ұлттық идея жоқ, бірақ «соның жемісі еді» деп көрсеткен еңбек бар. Іргетасы да, негізі де жоқ, үй бар. Бірақ, іргетас болмағаннан кейін үй де жоқ қой.Біз жоқтан идеология жасап, қолдан теория құрастырып отырмыз. Менің кейінгі екі-үш жылдан бері «Қазақстан жалған ғылымға бет алып кетті» деп зар қақсайтыным сондықтан.

Ал, біреу Мұстафа Шоқайды сатқын деп, оны Қазақстан соты қолдаса, онда мына репрессия туралы заң неге шықты, репрессия деп, көз жасымызды көлдетіп неге жүрміз? Неге ашаршылық құрбандарына ескерткіш қойып, неге ғана әуреге түсіп жатырмыз? Біздегі сот жүйесінің бағыты, көзқарасы Қазақстанның идеологиясы мен Қазақстанның мүддесінен, қазақ халқының ой-арманынан мүлдем басқа. Ал, Мұстафа Шоқай репрессияның құрбаны. Елім дегенде етегі жасқа толып, өз елінде отарлаушы билік тарапынан қысым көріп, өмірі қыл үстінде өткендіктен жан сауғалап, шет елдерде жүрді. Бірақ, онда да қазақтың мүддесі, ұлттық қамы үшін аянбады. Түркістан идеясы үшін күресуден тайынбады. Сонда біз осындай елі үшін туған азаматтарды сатқын деуіміз керек пе? Біз кешегі қазақты ашаршылықпен қырған, халықтың кілең бетіне шыққан қаймағынан айырып, саяси қуғын-сүргін жүргізген кеңестік биліктің көзқарасын ұстанып, ұлттық тұлғаларымызды қаралауымыз керек пе?

‑ Тіпті Шоқайды қаралаушылар оны Ресейдің Власовымен салыстырады...  

- Біздегі орыс диаспорасы Ресейдің ұстанған саясатын ұстанса да болар еді ғой?! Пәленбай мың әскерді бір-ақ күнде қарусыздандырған генерал Власовты орыстар қазір ақтады. Ал, сол Власовтың не оғы, не ішіп-жейтін тамағы қалмай, аштықтан қиналып жатқан әскерін Мұстафа Шоқай құтқарған екен. Сонда Ресейдегі орыстардан біздің орыстардың саясаты басқа ма, қалай? Бүкіл дүние жүзі түрмеге түскен еврейлерді, сол түрмеде құрылған ұйымдарды қорғап қазір, сол сол тұтқындардың моральдық шығыны үшін өтемақы өндіріп, оны ұрпақтарына таратып беріп жатыр. Уланып өлтірілген Мұстафа Шоқай содан кем бе?!

Ал Мұстафа Шоқайды «фашист» дегендерді біздің сот, Қазақстанның соты қандай баппен ақтап отыр? Ол соттың көзқарасы қандай?.. Ол өзі Қазақстанның тәуелсіздігін мойындайтын сот па, әлде мойындамайтын сот па?

 Қасымхан Бегманның сотта жеңіліс тапқанына қарап-ақ біздегі соттың әділдігіне, оның Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін сезінетініне күмәнім бар.

«Араша-ақпарат»

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>