• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Әзімбай ҒАЛИ, профессор: Алматыны «Алма-ата»-ға өзгертеміз деп оттамасын!

28 Май, 20121951177


Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов ономастика туралы заң қабылданғаннан кейін Алматы қаласының «Алма-Ата» болып өзгеруі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдегенін хабарлады ҚазТАГ. 

 "Алматы қайтадан Алма-Ата болуы мүмкін. Әкімнің және менің көзқарасыма сәйкес, қала атының Алма-Ата болғаны әдемі жазылады, әдемі тасымалданады және жақсы естіледі. Конституцияны жазғанда оны дайындағандар ешкімнен сұрамай қазақша да, орысша да қаланың атын «Алматы» деп жіберген», – депті әкімнің орынбасары өз сөзінде.

Осыған орай белігі саясаттанушы, тарих ғылымдарының доткоры, профессор Әзімбай ҒАЛИдің пікірін білдік.

«Оттамасын! Мен қала атауының «Алма-Ата» деп өзгертілуіне қарсымын. Ол тарихи атауынан ауытқу. Ономастика туралы заңды қарағанда депутаттар да оған жол бере қояды деп ойламаймын. Ономастикалық комиссия да қарсы шығады деп сенемін. Өйткені, бұл мүлдем дұрыс емес. Сейдумановтың сөзіне сенуге де, еруге де болмайды. Оныкі – таяз шешім. Ал, ешкіммен санаспай, алда-жалда Алматы «Алма-Ата» деп өзгертіліп кетсе, халық көтерілуі мүмкін. Өйткені, ол – ақымақтық», – дейді саясаттанушы.

«Араша-ақпарат»

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>