• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Құбаш Сағидоллаұлы: Ашаршылық құрбандарына өтемақы төлеу қажет

30 Май, 201214569320


 

Үкімет 1993 жылдан бері репрессия құрбандарына, оның ішінде жер аударылып келген халық өкілдеріне өтемақы төлеуді өз мойнына алған. Ал ашаршылықтан қырылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ ұлты құрбандарының жағдайын кім ойлайды?

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары арқалы Алаш жұртын қаусатып жіберген алапат аштық  пен қандықасап зұлматтың  ақтаңдақтары ‑ талай жылдар бойы зерттеуді қажет ететін ауыр кезең, бүгінгі һәм ертеңгі ұрпақ үшін азалы күн. Қазақ тарихындағы орны толмас трагедияның 80 жылдық белесінде оған мемлекеттік деңгейде саяси бағасын беріп, зобалаңның тірі куәгерлері мен көзі тірі ұрпақтың игілігі үшін қамқорлық шаралар қабылдау секілді уақыт күттірмейтін жайттар барын қаперде ұстауымыз қажет. Себебі репрессия және геноцид құрбандары мен оның ұрпақтарына мемлекеттік өтемақы беру тәртібі халықаралық тәжірибеде берік орныққан игі дәстүр.

                          Германия еврейлерге миллиондаған евро төлейді                                           

 Қуғын-сүргін мен геноцидтерден, әртүрлі қиянаттардан зардап шеккендер мен олардың ұрпақтарына компенсация төлеу тәртібі көптеген елдерде қалыптасқан. Бір ел басқа мемлекеттің азаматтарына өтемақы төлейді. Кешегі ұлтшыл Германия бүгінгі Германия басшылығының бір-біріне еш қатысы болмаса да репрессияға ұшыраған халықтар алдында да өздерінің құқықтық, моральдық жағынан жауапкершілігін сезініп, өтемақы қайтарып келеді. Мысалы Германия үкіметі қиянатқа ұшыраған еврей ұлтына алдағы он жылдықта 650 миллион евродан кем емес көлемде компенсация төлеуді өз мойнына алған. Өтемақы алуға тиісті Холокост құрбандарының саны 65 мыңға жуық. Оның сыртында әр жылдары немістің ірі компанияларының төлеген өтемақы өте қомақты. Тарихта көрмеген тауқыметі жоқ еврей қауымдарына Польша, Венгрия, Норвегия, Бельгия, Литва елдері өтемақы төлейді екен. Украина елінің парламенті 10 миллион украин жұртын қырғын ұшыратқан голодорды геноцид деп заңдық құжат негізінде Ресейге өтемақы төлеу туралы талап қойған. Украин саясаткерлері бұрынғы КСРО-ның бүгінгі мұрагері Ресейден әрбір украиндық үшін 100 мың доллар да талап еткен-тұғын. Алайда Ресей бұл жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

                         Қазақстан жер аударылып келгендерге өтемақы төлейді                  

 Қазақстан 30 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандарына және елімізге күштеп жер аударылып келген ұлттарға бір реттік өтемақы төлеп келеді. Қазақстан Республикасының 1993 жылы 14 сәуiрде  «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңды қабылдаған ҚР Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз еткен болатын. Осы заңның күші бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдардың бәрiне қолданылады. Сонымен бірге саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде сондай-ақ КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы қоныс аударуға адамдар да танылады. Осыған сәйкес, Үкімет  репрессия құрбандарына, жер аударылып келген халық өкілдеріне өтемақы төлеуді өз мойнына алған.

Өтемақы алатын азаматтардың екі категориясы бар: саяси қуғын-сүргіннің құрбандары және зардап шеккендер. Отбасының ата-аналары құрбандарға жатады да, саяси қуғын-сүргінде бірге болған оның балалары жапа шеккендер болып есептеледі. Егер өтемақы уақытында алынбаса, ол өмірден өткен соң оның ізбасарларына беріледі. Саяси репрессиядан зардап шеккен мүгедектер мен зейнеткерлердің мынандай құқықтары бар: мәжбүрлеу жұмыстарына жұмылдырылған, бас бостандығынан айырылған, жер аударылған уақыттарына сәйкес зейнеткерлерге 3 еселік көлемде зейнетақы төленеді; Бұрыннан қалыптасқан табиғи жеңілдіктеріне қоса арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленеді. Өтемақы саяси репрессия құрбандарына төленетін бір реттік төлем ережесі бойынша жүзеге асырылады.

Читайте также: Удобный и красивый дизайн кухни

 «Қазақстанғы жер аударылып келген өзге ұлт өкілдеріне мемлекет өтемақы төлеп жатса, неге ондай көмектен нәубетті бастан кешірген аштық құрбандары қалыс қалуы керек?» деген мәселе қоғамда талқыланды. Расында, репрессия құрбандарынан бөлек аштықтан қырылған қалың қазақ жұртын, мал-мүлкінен айырылып, кәмпескеге ұшыраған ауқатты адамдарға неге өтемақы төлемеске? Өкінішке қарай, аштық пен кәмпеске құрбандарына өтемақы беру қарастырылмаған. Себебі, қазақты түп-тамырымен жойып жібере жаздаған 30 жылдардағы зобалаңды аштық деп тану туралы мемлекеттік немесе үкіметтік деңгейде құжат қабылданған жоқ. Демек, осындай аса маңызды құжатты қабылдау Парламенттің еншісіндегі - ұлттық парыз болса керек.

                         Неге өз ұлтымызды ұмыт қалдырамыз?

 Тарихшы Алпамыс Жалғасұлының пікірінше, репрессия және жер аударылған халықтарға үкімет өтемақы төлеумен бірге, сол кезеңде өз елінде тоз-тозы шыққан жергілікті ұлттың қаншама зардап шеккен ұрпақтарына қазіргі ел әлеуеті жақсарған тұста назар салып, көңіл бөліп, өтемақы төлеуді қарастыру керек.

Алпамыс ЖАЛҒАСҰЛЫ, тарихшы:

 - Көптеген халықтардың Қазақстанға жер аударылғанына жергілікті халық, қазақтар еш кінәлі емес. Өз бауырына алып, жарты нанын аузынан бөліп берді. Сондықтанда жер ауып келген халықтың Қазақстан үкіметінен өтемақы талап етуі, оны Қазақстаннан өндіріп алуы ақылға еш қонбайды. Бұл ең алдымен сол тұстағы кереғар саясат жүргізген, КСРО үкіметінің және сол үкіметтің орынын басып отырған алпауыт елдің жауапкершілігіне жүктелуі тиіс нәрсе. Бұл жерде қиянат көрген қазақтың өксумен өткен өміріне бір сәт назар салып, сол Кеңестік саясаттың құрбанына айналғандардың біздің де арамызда бар екендігі, өзге ұлт өкілдері қазақ арасына келіп пана тауып, жағдайы жақсарғанда да көмек алып жатырса, неге онда біз, өз ұлтымызды ұмыт қалдырамыз? Тарихи оқиғаларға әділ баға беріп, Қазақстанда болған нәубет пен зұлматты болған жылдарды халқымыздың бастан кешкен ауыр қайғы деп өз бағасын берейік! 

«Мемлекет елімізде қанша саяси қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы төледі, оның көлемі қанша екендігі, сонымен бірге ашаршылық құрбандарына да мемлекет өтемақы төлеуді қарастыруы мүмкін деген қоғам талқысындағы мәселелер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова ханымнан сұрап білген едік. 

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 -  Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Заңы бойынша барлық репрессияға ұшырағандарға соңғы 10-15 жылдың көлемінде бір реттік төлемақы берілді. Бұл өтемақы бір мәрте төленеді. Қазіргі кезде репрессия құрбандары ретінде шамамен 80-90 азамат тиісті құжаттарын өткізуде. Репрессия құрбандары санатына жататын азаматтар орта мөлшермен 55 мың теңге көлемінде бір реттік төлемақы алып жатыр. Айта кету керек, өтемақы көлемі репрессияда болған жылдарына, уақытына қарай есептелініп төленеді. Мысалы, бірі 5 жыл болуы мүмкін, енді бірі 10 жыл болуы мүмкін. Жалпы 50 мыңнан астам азаматқа репрессия құрбаны ретінде өтемақы берілді.

 Репрессия құрбандар және зардап шеккендер деген екі бөлек категория заңда нақты көрсетілген. Жалпы заң азаматтардың қай категорияға жататынын құқық қорғау органдары анықтайды. Зардап шеккендер категориясына жататын азаматтар заңға сәйкес репрессия құрбандары санатына жататын азаматтардан төмен өтемақы алады.

 «Ашаршылық құрбандарына да өтемақы беру керек пе деген сауалға келетін болсақ, ашаршылық зұлматын бастан өткермеген бірде бір отбасы болған жоқ деуге болады. Бұл өте күрделі мәселе. Оны егжейлі-тегжейлі зерттеп алуы керек деп ойлаймын. Өйткені аштық құрбандары саны нақты анықталып, сонымен бірге аштық құрбандары ретінде олар әртүрлі категорияларға бөлінуі мүмкін. Мәселен, аштық жылдары Қазақстаннан тысқары елдерге ауып кеткен немесе елде қалған азаматтар бар дегендей әртүрлі жағдайлар болуы ықтимал. Сондықтан бұл мәселені толық зерттеу керек деп ойлаймын.

 Ой-түйін:

Расында, бүгінгі күллі қазақ жұрты кешегі кеңестік озбыр, солақай саясаттың кесірінен зұлмат пен зобалаңды бастан өткерген халықпыз. Нәубет көрмеген отбасы жоқ. Десе де мемлекетімізге тарихи әділеттілік тұрғысынан ешкімді алаламай, саяси қуғын-сүргін құрбандарымен бірге ашаршылық құрбандарына да өтемақы төлеу мәселесін қарастыратын кез жетсе керек. 

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>