• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ТІЛ ҮШІН ЖЫЛАҒАН ҚЫЗ

13 Июнь, 20121494367


Журналистика «төртінші билік» аталғанымен де, кейде оның бейшара күйге түсіретіні өтірік емес. Әсіресе, белгілі бір мекемелерден ақпарат аларда қайыршының күйіне түсетін кездер де болады. Бұл орайда, әсіресе, қазақ журналистикасы өкілдерінің жағдайы мүшкіл. Тіпті, Елбасы соңғы Жолдауын жариялағаннан кейінгі күндерде бір қыздың ақпарат сұраймын деп, намысы тапталып, тіл үшін жылағаны да бар...

Елбасы Жолдау жасағанда мәлімдеме арасында: «Тіл мәселесін даңғазаға айналдыруға болмайды. Біз үшін ең бастысы – бірлік пен келісім. Біз бұрын 2020 жылға қарай халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді деген болатынбыз. Асығу қажет емес. Мұның Қазақстанға пайдасы жоқ. Осыны депутаттар да, мемлекеттік қызметкерлер де түсініп, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет екендігін ұғынуы тиіс» деген. 

Артынша «Астана ақшамы» газетінде істейтін Гүлжан Рахман қаладағы мекемелердің біріне білім мәселесіне қатысты ақпарат алмақ болып хабарласқан.

Әңгіме телефон арқылы өрбіген еді. Мемлекеттік қызметтегілердің әдеті ғой, орысша сампылдап сөйлеп жатты ар жақтағы. Гүлжан өзінің қазақ газетінің өкілі екенін айтып, сұрағына қазақша жауап беруін өтінді. Сол-ақ екен:

– Мен қай тілде жауап берсем де, өзім білем. Маған ондай талап қоймаңыз. Жаңа Елбасының сөзін естіген жоқсыз ба?! – деп ұрсып тастады «кішкентай» шенеунік.

Телефон тұтқасын қоя сала Гүлжан егіліп жылады. «Саған не болды?», «Ауырып тұрсың ба?» деп, бәйек болды айналасындағылар... Бірақ, Гүлжан өксігін баса алған жоқ.

«Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налимын» дегендей, оны жылатқан тапталған намыс еді. Қазақ қызының намысы. Өз ана тілін менсінбейтін кейбір шенеуніктеріміздің бойында бұғалақтап, ақыры өліп тынған ұлттық намыс.

P.S. Бүгінде Гүлжан «Ұлт TIMES»  газетінде тілші болып істейді. Ұлттық мәселелерді көтерем деп, ұлттық нигилистерге соқтығыса берген соң, ашық майданда еркін айқасуды жөн санаса керек.

«Араша-ақпарат»

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>