• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Игор ХЕН: Алуан түрлі Қазақстан

13 Шілде, 20121451077


Соңғы жылдары ешкім айтарлықтай шынайы қабылдай қоймайтын, бірақ әркім жауап беретін Қазақстан үшін мәңігілік те өзекті мәселе тағы да алдан шығуда. Президент қашан кетеді? Таққа басты үміткер кім? Қандай элиталық топ болашақтағы жанталасқан тартыс кезінде неғұрлым аз шығынмен шығады? Бәрі де осындай мистикалық рухта жүр.

БАҚ өкілдерін қызықтыратын жауабы табыла бермейтін осындай сауалдар күнделікті өзекті мәселелерден де көп. Егер оппозициялық баспасөзге қарасақ, барлығы да элиталар күресіне және компромат табуға тіреледі, ал, мемлекеттік басылымдарда не жазылып жатқаны ешкімді де қызықтырмайды. Жеке тәжірибемдегі соңғы оқиға көрсеткендей, нақты өмір мен Қазақстандағы БАҚ бетіндегі жарияланымдар арасында ортақ ештеңе жоқ, солай болып келе жатыр. Бұл анекдотта айтылған сияқты мәселе:

– Әке, менің Қазақстанда тұрғым келеді!

Балам, біз онсыз да Қазақстанда тұрамыз ғой

Жоқ, мұндай емес, «Хабарда» көрсететін Қазақстанда!

Тағы бір сөз бар, ол – опозициялық БАҚ-та көрсетілетін үшінші Қазақстан.

Ал, ақпарат ағыны Қазақстанның болашағы, постназарбаевтық кезең және ішкі элиталық күрес туралы фантастикалық теорияларды оңды-солды бұрқыратып жатқанда, провинциялар мен жергілікті жерлерде адамдар әдеттегідей үнемі күнкөріс қамымен жанталасады. Соның бір белгісі мынада, республикалық басылымдарға қарағанда тұрғындар арасында жергілікті газеттер үлкен беделге ие. Өйткені, олар ауқымды мәселелерге қолды бір сілтейді, өзгелерден жергілікті элита мен олардың өзара тартысы айтарлықтай қызықты, себебі ауыл адамдарының тұрмыс-ахуалы жергілікті билікке тікелей байланысты.

 Мәселен, Жамбыл облысында, нақтырақ айтқанда оның бірқатар аудандарында тұрғындар жергілікті билікке риза. Үдемелі индустриалды-инновациалық даму және Жол картасы бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар облыс үшін жақсы еңбекақысы бар жұмыс орындарын ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл таяуда өткен телекөпірде Президент атап көрсеткен жергілікті жерлерде серпінді жобаларды іске қосу мәселесіне сай келеді. Өйткені мұндай жобалар мемлекетке болмаса да шын мәнінде жергілікті тұрғындарға пайда әкеледі.

 Ал, біз бәрін керісінше түсінеміз. Мәселен, билік дәліздерінде осы телекөпірден кейін Президент өз сөзінде кімге қолдау білдірді, қай ықпалды топқа сенім артты деген ыңғайда әңгімелер өрбіді. Ал, жемқорлықпен күрес әдістерін күшейту туралы және серпінді жобаларды жүзеге асыру жөнінде бір ауыз сөз жоқ. Яғни, Елбасы сөзінің негізгі тезистері назардан тыс қалды.

 Бұл Ұлт көшбасшысының ұсынысы емес, Лениннің кітап жолдары арасына сүтпен жазған хатындай бәрі де басқаша мазмұнда ойлайды. Мемлекет басшысы қатысқан әр шарадан кейін осылай болады. Шенеуніктердің өз креслосы үшін үркіп отыратыны сондай, ең бастысын ұмытып кетеді. Ал, ол - өз ұстанымдарын сақтау мен жақсарту, бұл үшін бірінші кезекте өздерінің тікелей міндеттерін ерікті түрде орындаулары керек.

Қазіргі кезде еліміз бұдан әрі табысқа жету үшін элитаның бірігуі, мемлекеттік биліктің қандай да бір ішкі серпілісі, дамудың жаңа ырғағы, жалпы, жаңа пассионарлық төңкеріс қажет деген әңгіме көп айтылады. Шын мәнінде осы сөздердің ар жағында ештеңе жоқ, қарапайым адамдар санасына түсінікті түк те көрінбейді. Шенеуніктер халықтан қалай алыс болса, сол қалпында қалды. Кейбір қарапайым шымкенттіктер мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы тәуелсіз мемлекет болса, түбегейлі ештеңе өзгермес еді деген пікірде. «Бізге ешқандай көмек керек емес, тек бөгет жасамаса болды» дейді олар.

Өзін-өзі сақтау инстинкті өкінішке қарай, қарапайым қазақстандықтар үшін өмір сүрудің басты ынталандырғыш факторы болып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті диқандар айтқандай, ірі фермерлер теміржол мен элеваторларды басыбайлы етіп алғандай құқыққа ие. Мұндай жағдай ішкі облыстық тәуелсіз нарықтың қоса жүріп жатқанын білдіреді. Элеваторлардың иелері ұсақ жекеменшік шаруашылықтардан бидайды арзан бағаға сатып алып, үш есе қымбатқа сатады. Сөйтіп, шағын бизнестің берекесін кетіруде. Бұл жүйе баяғыдан бері жұмыс істеп, әбден қалыптасып алған. Президент шағын және орта бизнесті қолдау туралы айтып жатады, бірақ жаңағы ірі фермерлер ұсақ шаруашылықтарды тонауын жалғастыруда. Олар әкімдерге рекордтық өнім алынғаны туралы баяндайды, әкімдер бұл жаңалықты Үкіметке жеткізеді. Бәрі риза, ал шаруа келесі жылы тағы да пайыздық қайтарымы өте жоғары несие алу үшін банкке жүгіреді.

Мұның соңына жету қиын. Бәрі де өткен ғасырдың басындағы демократ- казактар тірлігіндей – еркін диқан астық шықпай қалған жылдары малын, құрал-сайманын сатып, тақыр кедей болып шыға келеді. Ең күлкілісі сонда, тұрақты тонаушылыққа ұшырайтын осы көпшілік - қарапайым дихандар мемлекет бізді несие мен салық жөнінде демеп жіберсе, өмір сүруге болады деп, ешқандай арыз-шағым айтпайды. Ал БАҚ болса, қандай да бір ірі корпорация азды-көпті табысты, аяғынан тік тұра бастаған шаруашылықты өз мүддесіне икемдей бастаған кезде, ірі фермерлер жекеменшікті жылда осылай тонайтынын ұмытып, қолдарына ақшасын ұстап жүгіргенде ғана арадағы қайшылықтардың отын көсей бастайды. Қостанай облысында тура осындай жағдай орын алған дейді.

Бүгінде халықты табыс пен жетістік туралы құрғақ мадақтаулар, ешқандай саяси ойындар қызықтырмайды, өйткені, адамдар газет оқымайды. Еліміз кезекті дағдарыс алдында бәр сәт тыныс алып, оны қиналмай өткізуге батыл ынта-ықылас танытуға мүдделі. Және солай өткізеді де. Қандай да бір элита жеңіп жатса да, сөзсіз бірігу үрдісі жүзеге асады.

"Ұлт Times" апталығы

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>